Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматы күні: Хайуанаттар бағы қонаққа шақырады

Алматы күні: Хайуанаттар бағы қонаққа шақырады

Алматы күні: Хайуанаттар бағы қонаққа шақырады

Әсем қаламыз Алматы күнінің қарсаңында мәдени ошақтарымыздың бірі хайуанаттар бағына барып, оны алыс аймақтан келген қонақтарымыз бен оқырмандарымызға таныстырып өтуді жөн көрдік.

Сәбилерін жетектеп, асыл сезімнің жетегінде жүрген ғашықтар, немерелерімен қол ұстасып, жүздеріне күлкі үйірілген қариялар - саябақтың басты қонақтары екен. 


Бағасы 500 теңге тұратын билетті алысымен хайуанаттар әлемін тамашалауға асықтық. Кіре салысымен өздерімен бірге суретке түсуге шақырған құстарға тап болдық.

Пәк сезім махаббаттың символына айналған аққулар "қатарымызға ілес" деп достық лебіздерін білдіріп тұрғандай болды. Өздері өзге жаратылыстан сескенуді қойып, сұлулықтарына тамсандырады.

Аққулардың сымбатына таң-тамаша болып тұрғанымызда, Шрек пен Фиона қонаққа шақырды.

Мына балықтар аспанда ма, әлде суда ма деп ұзақ ойландық.

Қаздардың қара түстісі де бар екен.

Сымбатымен сүйсіндірген күлгін түсті қоқиқаздарды көргенде, басқа елде жүргендей әсер алдық.

Төрт түліктің төресі - түйе.

Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1937 жылдың 30 қаңтарында Алматы қаласында тез арада хайуанаттар бағын құру туралы шешім қабылдады. Ұйымдастыру мәселелері қалалық кеңеске, ал ғылыми жетекшілік Ғылым академиясының филиалына жүктелді. Алматы қалалық кеңесінің 19 ақпандағы шешімі бойынша, хайуанаттар бағының құрылысы үшін Казачка өзенінің оң жағалауынан, жеміс бағының аумағынан, 26,6 гектар жер телімі бөлінді. Бөлінген жер өзінің орналасу жағдайына орай, алдағы қойылған мақсатқа аз шығынмен қол жеткізуге мүмкіндік тудырды. Алғашқы кезеңде 7 гектар жер игерілді. Барлық құрылыс нысандары уақытша типте салынды. 

Айтпақшы, барған кезде тақтайшалардағы ескертулерге мұқият болыңыздар. Әсіресе, жануарларды тамақтандыруға болатын, болмайтындығына. Ережені бұзсаңыздар, айыппұл төлеулеріңізге тура келеді.

Сусиырлар ұйықтағанда жақсы көреді екен. Алғашында өтіп бара жатып байқамай да қалдық. 

Жаяу жүруден шаршасаңыз, пәуескелерге мініп серуендесеңіз болады.

Хайуанаттар бағының тұрақты қонақтарынан сұхбат алып та үлгердік. 

Үндістаннан келген алып пілдер. 

Естелікке балаларыңызды жануарлармен бірге суретке түсіру мүмкіндігіңіз бар.

Бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі - тасбақалар. Түстерінің сумен үйлескендігі соншалық, бұларды да бірден байқамадық. 

Денесі жұмыр, өздері ұзын жыландарды міндетті түрде көріңіздер. 

Олардың жанында кесірткелер де бар.

Жаз жайлауда ат жалын ұстап, желмен жарысқан күндерімізді де есімізге алдық. 

Қайтып бара жатып "тағдырыңыз жайында айтып берейін" деген тотықұстарға тап болдық. 

Алдағы жексенбі күні болатын Қала күнінде хайуанаттар бағы Сіздерді құшақ жайып қарсы алады! Хайуанаттар бағына асығыңыздар, құрметті массагеттіктер! 

Дайындаған және суретке түсірген: Қарлыға Бүйенбай

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 14 қыркүйек 2013, 10:50
Пікірлер
+0
14 қыркүйек 2013, 09:55

Хайуанаттар бағына соңғы рет бөбектің 95 баласын ертіп барған екенмін. Қаланың ең бір қызық, көрікті жері.

+0
14 қыркүйек 2013, 13:10

сонғы рет 2003 те бардым :(

+0
14 қыркүйек 2013, 13:23

менде сол уақыттарда барғам шығар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.