Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Тенгри" фестивалі шақырады!

"Тенгри" фестивалі шақырады!

2013 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қаласындағы "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында "Тенгри" дәстүрлі фестивалі өтеді. Фестиваль барысында "Көк бөрі елі" ("Страна Синего Волка") атты кітаптың желісі бойынша түсірілген ертегі-фильмнің тұсауы кесілмек. 

Ал кітаптың таныстырылымы осы жылдың 21 наурызында өткен болатын. Іс-шарада шағын сюжетті театралдық қойылым ұйымдастырылды. Осыдан кейін кітап авторлары Елена Гомер мен Есімбек Амренов қысқаметражды фильм түсіруді жоспарлаған еді. Прокаты Қазақстанда жоспарланып отырған фильмді мемлекеттік телеарналардан көре аласыздар.

Фестиваль барысында алдын ала өткізілген кастинг бойынша, қатысушылардың арасынан 10 диджей таңдап алынады. Сайыстың өзі екі кезеңнен тұрады. Арасында 20 минуттық би баттлы ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Жеңімпаз-диджей 100 000 теңге көлемінде сыйақы алады.

Фестиваль аясында көрме ұйымдастырылмақ. Таңертеңнен бастап, жарты киіз үйге ұқсайтын құрылыс орналастырылып, корпорация менеджерлері қонақтарды "Тенгри" философиясымен таныстырады, таныстыру курсы ұлттық нақыштармен өтеді. Сондай-ақ, сіздер "Көк бөрі елі" кітабын, бойтұмарларды, картиналарды, білезіктерді және басқа да қолөнер бұйымдарын сатып ала аласыздар.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 29-37-50

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: yvision.kz, rus.azattyq.org

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2013, 16:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.