Бұл шоу бұрынғы шоудан өзгерек!

Бұл шоу бұрынғы шоудан өзгерек!

Қала күнін тойлау барысында Алматыда 14 қыркүйекте "Астана" алаңында мультимедиялық-жарықтандыру және пиротехникалық шоу өтеді.

Шоу Лас-Вегас стилінде, ауқымды, сапалы әрі өте әсерлі өтеді дейді ұйымдастырушылар. Голландия, Ресей мен Болгариядан арнайы келген мамандар алматылықтарға Қала күніне сыйлық ретінде ұмытылмас Almaty Skylight Show шарасын өткізеді. 

Бұл ерекше шара 3 бөлімнен тұрады. 3d mapping технологиясының көмегімен КБТУ ғимаратының сыртында оны "тірілтетін" көлемді суреттер пайда болса, жарықтандыру эффектері мен әуен қонақтарға ерекше әсер бере алады. Кеш бес мыңнан астам пиротехникадан атылған фейрверкпен аяқталады.


"Бұл шоудың бұрыңғылардан ерекшелігі үш элементтің бірге қолданылуында," – дейді шоу ұйымдастырушысы Андрей Сизиков. "Бұрын бөлек mapping, жарықтандыру және пиротехникалық кештер өтетін. Енді Алматыда алғаш рет үшеуі бір кеште орындалады. Ең қиыны олардың жұмысын, үш команданы үйлестіре білу. Бұл жерде тіпті секундтың жүзден бір бөлігі маңызды."

Келе жатқан шоудың қанша сомаға ұйымдастырылатыны жайлы ақпарат айтылмаған.

Естеріңізге сала кетсек, Almaty Skylight-SHOW көрсетілімі сағат кешкі 20.00-де КБТУ ғимаратының алдындағы "Астана" алаңында өтеді. Ұйымдастырушылардың ойынша, бұл бастама Алматыдағы жарықтандыру шоу фестивалінің өтуіне себепкер болуы мүмкін.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: friends.kz, season.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді