"Алматы – іңкәрім менің!" тосын сый ұсынады

"Алматы – іңкәрім менің!" тосын сый ұсынады

"Алматы – іңкәрім менің!" дәстүрлі фестивалінің ұйымдастырушылары кештің басты тосын сыйларын мәлімдеді.

Гала-концерттің қоюшы-режисерлері Элина Козино мен Андрей Еремин журналистер қауымына сұхбат берді. Олардың айтуынша, көрермендерді өмірлеріндегі ең қызықты 4 сағат күтіп тұр екен. Қазақстан және шетел эстрадасының жұлдыздары фестивальдің музыкалық шаршы алаңында күтпеген жерден дуэт құрады.

Андрей Еремин: "Rin’Go тобы сахнаның энергиясын басқарады, мұның бәрі пиротехникалар мен арнайы әсерлердің көмегімен орындалады. "Жетіген" тобы ғарыштық кеңістікке саяхат жасаса, сахнаға шынайы жүк көлігі шығарылады. Жүк көлігінің қандай себептермен жүріп өтетіндігін концертте бір-ақ білесіздер", - деді.

Фестиваль ұйымдастырушылары шоудың ауқымды болуы үшін барын салуда. "Алматы – іңкәрім менің!" дәстүрлі фестивалін 4 мыңнан астам адам тамашалай алады. Бұл жылы қазақ әндерін отандық әншілер ғана емес, шетелден шақырылған жұлдыздар да орындайды.

"Шақырылған жұлдыздар жанкүйерлердің көңілінен қалай шығуға болады деген тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Германияның поп-әншісі Sandra қазақша ән айтады. Біз сахна кеңістігіне шек қоймаймыз, әрекеттер стадионның әртүрлі нүктелерінде өтеді. Сондай-ақ, біз өз көрермендерімізге келесі жылдың да құпиясын ашатын боламыз", - дейді Элина Козино.

7 қыркүйек күні 14 жылдан бері Сағынай Абдуллинның жүргізушілігімен өткізіліп келе жатқан "Алматы – іңкәрім менің!" фестивалі Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын асыға күтеді.

 

Суреттер: youtube.com 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева