Алматы тұрғындары көңіл көтеруді біледі

Алматы тұрғындары көңіл көтеруді біледі

Тамыздың жайма шуақ күндерінде Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының «FourЭ» фестиваліне қатысуға мүмкіндіктері болды. Эмоционалдық эволюцияны алмастырған фестивальге 7000 адам қатысты.

«FourЭ» көрермендері 2013 жылдың басты оқиғасының куәсі. Ал шарадағы «Болашақ энергиясы» атты түрлі-түсті инсталляция - фестивальдің басты жаңалығы.

Инсталляцияның басты мақсаты – «Экологиялық энергия  мен Болашақ энергиясын» адамның күнделікті тұрмысымен байланыстыру. Оның құрамы төрт стихиядан құралады: жел, су, от, жер. Ал инсталляция генераторын велосипед айдау арқылы іске қосады.

Шара Күн астында мәскеулік Одно Но тобының «Звучи» және «LightMotion» театрының қатысуымен өтті. Фестиваль аяқталған соң қатысушылардың барлығы көкке жарқырауық шарлар ұшырды.

Әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «жасыл эволюция» тақырыбындағы сайысқа 10 қолданушы өз суреттерін жариялап, FourЭ фестиваліне қатысу билеттерін ұтып алды.

- Тұрғындарға ерекше көрініс сыйлаған мерекені ұйымдастырушы Астана ЕХРО-2017 ұйымдастырушыларына үлкен алғыс айтамыз. Инсталляцияны орнату фестиваль басталмас бұрын ұзақ уақыт дайындалды. «Болашақ энергиясы» атты түрлі-түсті инсталляция өзге мерекелік шаралардан ерекшеленіп, жыл сайын FourЭ мерекесіне қатысушылардың да саны артып келеді, - дейді FourЭ ұйымдастырушысы Измайлова Майра.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөзі: today.kz

Сурет: today.kz

Қ. Бүйенбай