Бүлік шығарушылар заң алдында жауап береді

Бүлік шығарушылар заң алдында жауап береді

Қайрат Нұртастың заңсыз концертін ұйымдастырушылар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы қаласының ішкі істер министрлігі (ІІМ).

«Прайм–Плаза» сауда орталығына 31 тамыз күні «Караокенің үздік орындаушысы» сайысына үш мың адам жиналғанын полиция қызметкерлері еске салады. Мұнымен қатар мерекелік шарада қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың өнер көрсетуі жоспарланған.


Ән орындау кезінде көрермендер қоршауды бұзып, сахнаға ұмтылғандықтан, Қайрат ол жерден кетуге мәжбүр болған. Көпшілік әншінің бұл әрекетін ұнатпай, төбелес бастаған. Жастар алдымен бөтелкелер мен тастарды сахнаға, артынша бір-біріне лақтырған. Осыған сәйкес, полиция қызметкерлері арнайы шаралар қолданды.

Полиция қызметкерлері кешеннің алдындағы концерт қала қызметкерлерімен келісім жасалмай өткендіктен, ұйымдастырушылар бұл әрекеттері үшін жауап беретіндігін мәлімдеді.

Осыған сәйкес Қазақстанның қылмысты істер заңдар жинағының 232-тармағы бойынша, 5 жылға сотталады немесе айыппұл төлеп 3 жылға дейін қызметінен босатылады.

Полициядағы мәліметтерге сәйкес, ұйымдастырушыларға 29 тамыз күні концертті болдырмау жайында ұсыныс жазылған ескерту қағаз жіберілген. Алайда басшылық тәртіпті өздері қамтамасыз ететіндіктерін айтып, бас тартқан.

Бүлік кезінде 165 адам ұсталған. Осы уақытта қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін жауап беруде. Олардың үстінен 257-баптың 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған (бұзақылық, бұзақылық жасауда заттарды қолдану). Мұндайда өзгелерді жарақаттандырғандар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Арасында полиция қызметкерлері аралас ондаған адамның жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Оқиға болған жерде қызмет көрсеткен медбикелердің айтуынша, әртүрлі жарақаты бар он адам жедел жәрдем көмегін сұраған.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Дереккөз: news.nur.kz

Cурет: dmk.kz

Қ. Бүйенбай