Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қайрат Нұртас жанкүйерлері бүлік шығарды

Қайрат Нұртас жанкүйерлері бүлік шығарды

Қайрат Нұртас жанкүйерлері бүлік шығарды

Алматыда көрермендер Саин мен Райымбек көшелерінің қиылысында орналасқан "Прайм Плаза" сауда орталығының алдында тәртіпсіздік орнатты деп хабарлайды Tengrinews.kz шоумен Данияр Батырбаевтың Twitter аккаунтына сілтеме жасай отырып.

"Прайм Плазаның" шатырында тұрмын. Жұрт орталықты бұзып жатыр. Барлық аппаратураны қиратты. Полицияның тоқтатуға мұршасы жетпеуде", - деп тележүргізуші микроблогына жазған. "ЕММЖ келді. Жастар Рысқұловтың бойымен қашып барады", - дейді Батырбаев.

31 тамыз күні аталған сауда орталықта Қайрат Нұртастың қатысуымен "Запой по пятницам" атты караоке-жарыстың финалы өтпек болған. Концертті ұйымдастырушылардың бірі Аэлита Хабибуллинаның айтуынша, концерт тәртіп бұзушылықпен аяқталған. Қайрат бір ән айтып үлгергенше, адамдар сахнаға басып кірген. Жиналған жұрт алдыға қарай бір-бірін итерген. Күзетшілердің тоқтатуға мұршасы жетпеген. Қайрат Нұртастың қауіпсіздігі үшін ұйымдастырушылар оны сыртқа алып шығып кеткен. Ал кейін шағымданған көрермендер осындай тәртіпсіздік жасаған.


Қазірге дейін белгілі болғаны, тәртіпсіздік нәтижесінде кем дегенде 13 адам жарақат алған, бірнеше қызметтік және азаматтық көліктер зақымданған. Алматы қаласының ІІД хабарлауынша, концертке шамамен екі мыңға жуық адам жиналған. Бүлікшілер тас пен бөтелке атқан.

Құқық қорғау органдары бүлік шыққан жерді дереу қоршауға алған. Қазіргі таңда тәртіпсіздік тудырған белсенді қатысушылар ұсталып, бүлік шығарушыларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ІІД. 

Суреттер: tn.kz

Видеолар: Самсон Безмятежный, Александр Ведяшев

Дайындаған: Анар Мұстафина

1154 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 01 қыркүйек 2013, 01:50
Пікірлер
+0
01 қыркүйек 2013, 11:29

:o

+0
01 қыркүйек 2013, 12:29

Кайрат, ты кто такой давай дасвидания! :lol: Әнші емес ол, жәй ғана мықты әнші БОЛҒАН!

+0
01 қыркүйек 2013, 12:36

біздің Қазақстанда да осындай болатын болған ба? :P ал мен Қайрат концертке келмеген соң осындай жағдай болды деп естіп едім)

+0
01 қыркүйек 2013, 13:11

соны айтам,қазақтарға не болған ???

+0
01 қыркүйек 2013, 13:25

Қала әкімінің бұйрығымен бұл оқиғаға Прайм Плаза басшылығы жауап беретін болады. Бұл концертті ашық алаңда өз беттерімен өткізген және қауіпсіздік шараларын толықтай қамтылмаған. Яғни, қала әкімдігінен көмек сұрамаған. Демек бәріне өздері жауап береді.

+0
01 қыркүйек 2013, 14:42

iwa kazakhstandada SASEN-FANATTAR paida boliptigo axaxax :x

+0
01 қыркүйек 2013, 15:33

Осы Қайратқа бірдеңе болатта жүреді екен :o

+0
01 қыркүйек 2013, 16:01

:lol: Қайрат-жұлдыз

+0
01 қыркүйек 2013, 16:12

Өзінің көптеген жанкүйерінен айырылатын болды-ау(мысалға мен сияқты) :x

+0
01 қыркүйек 2013, 16:40

Қайрат Нұртасты аяп кеттім ғой :roll:

+0
01 қыркүйек 2013, 16:55

Бейшар-ай, жұрт аузына келгенін айтып Қайрат концерт бермегеннен деп соны айыптап жатыр. Әйтеуір мәнісін білмей сөйлеуге құштар жұрт қой :? Мен сол жақта тұрам, екі сағаттай сиренаның дауысы өшпеді тегі :x

+0
01 қыркүйек 2013, 17:01

Әлиевтың ұлы үйленіп жатқанда ол осы оқиғаға баланысты хабар таратып отыр екен. 13 адам жарақаттанды деген әңгіме адамның басына симайды ғой. Әншейін жасырып істеп отыр. 14 жасар бала қайтыс болыпты больницаға жеткізілгеннен кейін. 350-ден астам адам ұсталған. Терезеден қарап тұрғанымның өзінде бес-алты адамды ұстап алып кетті :|

+0
01 қыркүйек 2013, 17:13

Прайм -плазада балаларға арналған ойын-сауық парк бар ма?

+0
01 қыркүйек 2013, 17:18

бар

+0
01 қыркүйек 2013, 18:32

Халық - тобыр. Көп жастарда сана жоқ қазір. Қайраттың өзі қандай болса, фанаттары да сондай.

+0
01 қыркүйек 2013, 18:35

Соншалық бассыздыққа баратындай Қайрат кім еді??? Кеше племниктерім апаршы дегенде апармай қойып ем, "Қайратты тыңдайтындай бастан кеткенсіңдерма" деп, апармағаным дұоыс бопты :x

+0
01 қыркүйек 2013, 21:26

Сұмдық десе сұмдық екен. Адамдар неге сонша тәртіпсіз болып кеткен. Талдықорғаннан келе салып осы бір жаман хабарды естідім, шынымды айтсам, бұл оқиғадан кейін халықтың ессіздікке баратынын ұқтым. Ұят!

+0
02 қыркүйек 2013, 00:22

не болған түсінбедім :?: неге бүлік шығарған

+0
02 қыркүйек 2013, 10:42

масқара

+0
10 қыркүйек 2013, 22:54

Не болса да дұрыс тірлік болмаған екен...Адамдардан ұят кеткен заман болды ғой.Ессіз қадамға есі жоқтар ғана барады емес пе?Ал,БІЗ-"АДАМ" деген ардақты атты арқалап жүрген саналы тіршілік иелеріміз ғой! Бір-бірімізді күндегенше қолдай көрсетсекші бір-бірімізге!..Осы тірлігіміз арқылы өзге ұлттарға күлкі еттік-ау өзімізді..Қазақтар бір-бірімен қырылып жатыр деп рахаттана күлген шығар мысықтілеулі жандар. "Досқа-күлкі.дұшпанға -таба болу" деген осы шығар...Ұлы Абайдың "Біріңді қазақ бірің дос,көрмесең істің бәрі бос"деген сөзін әр ҚАЗАҚ есінен шығармаса екен! Аллах бәрімізді қателіктен сақтасын және кешірім етсін.....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...