Мереке күндері еліміздің көп бөлігінде ауа-райы бұзылады

Мереке күндері еліміздің көп бөлігінде ауа-райы бұзылады

Бүгін, 29 тамыз және барлық мерекелік күндерде Қазақстанның көп бөлігінде жауынды ауа-райы күтілуде. Еліміздің бірқатар облыстарынада жауын жауып, күшті найзағай жарқылдайды. Сонымен қатар,  жел тұрып, бұршақ жауады деп күтілуде. Ауа-райы болжаушыларының айтуынша, еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасының төмендеуі де мүмкін. Тек Қазақстанның батыс өңірінде ғана жауын-шашын болмауы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет орталығы.

Павлодар облысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа-райын болжаушы мамандардың айтуынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында 22 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Алматы облысында шаңды боран болса, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман басуы мүмкін.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта жауын-шашынсыз шуақты ауа-райы орнап, температура + 33, +34 градуста тұрады. 

Ал Астанада, ауа-райын болжаушы мамандар, ауа температурасының + 12 градусқа дейін төмендейтіндігін айтуда. Барлық мереке күндері Астанада күн жауын-шашынды болмақ. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: news.mail.ru

А. Әбілхан