Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Астана мен Алматы Конституция күнін қалай тойламақ?

Астана мен Алматы Конституция күнін қалай тойламақ?

Астана мен Алматы Конституция күнін қалай тойламақ?

Қабылданғанына 18 жылдың жүзі болған Қазақстан Республикасы Конституциясының мерекесіне арнап еліміздің қос қаласында – Алматы мен Астанада атаулы күнге байланысты түрлі шаралар өтпек.

Оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтарын 30 тамыз күні үлкен концерттік бағдарлама күтіп тұр. Алматыдағы мейрамның шымылдығы театрлық қойылымдармен түріледі. Қойылымда Тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары көрсетіледі. Алматы қаласындағы атаулы мерекеге қала әкімі Ахметжан Есімов те қатысады.

Оңтүстік астанамыздағы басты концерт сағат 10.30-да Абай алаңындағы Республика Сарайының алдында мемлекеттік үрмелі оркестрлердің қатысуымен басталады. Одан әрі 11.00-де еліміздің эстарада жұлдыздары түрлі патриоттық әндермен отандастарының құлағының құрышын қандырмақ. Сахнада «Жігіттер» тобы мен «Арт-Дала» тобы және әнші Алмас Кішкенбаев пен Әлішер Кәрімовтер өнер көрсетеді. Мерекелік концерт сағат 13.00-де мәресіне жетеді.

Кішкентай отандастарымыз үшін «Қазақстан – менің отаным» тақырыбында тас жолға сурет салу байқауы ұйымдастырылады. Байқауда көзге түскен бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар табыс етілмек.

Ал сағат 20.00-де алматылықтар мен қаламыздың қадірлі қонақтарына арнап тағы бір концерт – әндердің Фестивалі басталады. Қазақстандық танымал орындаушылар «Битлз» тобының үздік әндерін орындайды. Ал концерттің соңында отандастарымызды таңғажайып отшашу күтіп тұр.

Ал елордамызда биыл Конституция күні үлкен мәдени бағдарлама аясында атап өтіледі.

29 тамыз күні Астана қаласының «АЛЖИР» мұражайында «Тарих – таным айнасы» атты бейнепанорамалық көрме өтеді. Көрме 5 қыркүйекке дейін созылады.

29 тамыз күні астаналақ тұрғындар мен қала қонақтары Бейбітшілік және Келісім Сарайында өтетін конференция мен концертке қатыса алады. Дәл осы күні елордамыздың «Қазақстан» орталық концерт залында тағы бір мерекелік шараның тұсауы кесілетін болады.

Астананың мәдени шараларымен айналысатын басты мамандардың бірі Ғалым Өтегеновтың айтуынша, Астана қаласындағы Конституция күніне арналған шаралар қаланың үш нүктесінде өтеді: «Бәйтерек» монументінің алдында, «Студенттер» саябағында және қаланың бас алаңында.

Нағыз тойлау сағат 10.00-де басталады.

Қаланың бас алаңында астаналықтар бір-бірімен ұлттық ойын – күреспен бақ сынаса алады.

Сонымен қатар, концертте елордалық жас және танымал жұлдыздар ән шырқап, өнер көрсететін болады. Концерттік шара сағат 22.00-де аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгіндері күшінде тұрған Ата Заңымыз 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда бекітілген болатын. Сондықтан бұл күн мемлекеттік мереке саналады.

Айтпақшы, қазақстандықтар атаулы мерекеге байланысты 30 және 31 тамыз күндері демалатын болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: astana.kz

1647 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 тамыз 2013, 14:15
Пікірлер
+0
27 тамыз 2013, 14:30

еее

+0
27 тамыз 2013, 14:43

урра! демаламыз

+0
27 тамыз 2013, 17:21

дкмалыс деген жақсы

+0
28 тамыз 2013, 10:52

басты мерекелеріміздің бірі ғой, бәріміз ат салысайық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...