Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Мерекең құтты болсын, теміржолшы!

Мерекең құтты болсын, теміржолшы!

Мерекең құтты болсын, теміржолшы!

Теміржол саласының әрбір мемлекеттің даму жолында алатын орны ерекше деп айтуға болады. Олар бұрын да қалаларды бір-бірімен байланыстыратын басты транспорт түрі болған және әлі де солай болып келеді. 

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өткен екен.

Ал Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:

Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.

Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.

Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.

Қазіргі таңда қазақ теміржолының дамуы айтарлықтай өскен деп нық сеніммен айта аламыз. Өткен жылдардың өзінде, 2008-2012 жылдары жүк айналымы 231,7 млрд. тонна-шақырымнан 269,3 млрд. тонна-шақырымға жеткізіліп, 16 пайызға артқан. ҚТЖ кірісі 496,8 млрд.теңгеден 819 млрд. теңгеге дейін жеткізіліп 1,7 есеге өсті. 2012 жылы компанияның жинақталған таза табысы 2008 жылға қарағанда 1,8 есеге артып, 113,3 млрд. теңгеге өсті. 2013 жылдың алғашқы алты айында жолаушы тасымалдау саласында өсім байқалды. Жаңа бағдарларда және қосымша құрамаларда сондай-ақ бұрынғы бағыттарда да вагондарда жолаушылардың көптігі байқалды. Биылғы жылғы алты айда жолаушылар айналымы 7,9 млрд. жолаушы –шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіштің 6,8 пайызға артқандығын байқатады.

Аталған сала қызметкерлері жыл сайын тамыз айының алғашқы жексенбісінде өздерінің төл мерекелерін атап өтуді дәстүрге айналдырып отыр. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде теміржолшыларға арналған арнайы іс-шаралар өткізіліп, үздік қызметкерлер марапатталады. Осындай шаралар барысында күні кеше ғана мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы темір жол саласы қызметкерлеріне 500-ден астам пәтер кілттерін тапсырған болатын.

Су жаңа баспананың құрылысы 2012 жылы басталған. Әзірге оның тек бірінші кезегі пайдалануға беріліп отыр. Құрылыстың екінші кезегі 2014 жылдың алғашқы жартысында аяқталып, қоныс тойын тағы бес жүзге жуық отбасы тойлайтын болады. 

Елбасы Н.Назарбаев бір сөзінде: «Қазақ темір жолының даңқты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы. Қазақстан экономикасының өсіміне теміржолшылардың қосқан үлесі орасан зор үлесі. Себебі жүк тасымалы болмаса, сауда-саттық болмайды. Ал енді барлық жолаушы және жүк тасымалының ішінде ең үлкен үлес темір жол саласына тиесілі» деген болатын. Ендеше, ел дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген теміржол қызметкерлерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Суреттер:hcbarys.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5825 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 04 тамыз 2013, 17:41
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...