“From Russia” экспедициясы елімізге келді

“From Russia” экспедициясы елімізге келді

Белгілі журналист, саяхатшы, фотограф, Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі Влад Мининнің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған “From Russia” экспедициясы Қазақстанға келді.

Мәскеудің Қызыл алаңынан маусымда бастау алған экспедиция Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерін аралап, соңғы нүктесі Қазақстан жеріне келіп отыр. Экспедиция аяқталған соң жүріп өткен елдерінің тұрмыс-салты, табиғаты жайлы деректі фильм жарыққа шығып, арнайы фотокітап басылмақ екен.

“From Russia” – бұл Ресей ұлттық диаспорасы, ресейлік және шетелдік мәдени орталықтар мен дипломатиялық миссиялар қатысатын мәдени-қоғамдық жоба. Оны Performace Cars DEVOLRO және WILDWILD world wide expeditions компаниялары қаржыландырады.

Жоба аясында «Ресейге терезе» атты арнайы мультимедиалық шаралар өткізіледі, бұл істі ресейлік мәдени орталықтар өз міндетіне алған. Сонымен қатар, www.fromrussiaproject.ru сайтында Влад Минин жүріп өткен жерлері жайында блог жазады. Айтпақшы, ол тау мен тасқа қарамайтын арнайы көлігін (Toyota Devolro) төрт ай бұрын сатып алған. Ал кейінгі екі ай бойы көліктің қуаты мен доңғалақтары және тағы да басқа бөлшектері қайта жасаудан өтіпті.

Ендігі кезекте экспедиция жайлы, оның негізгі мақсаты турасында Мининнің өзі әңгімелеп берсін.

Влад, бұл жоба туралы айтып берсеңіз...

- Мен өзім эмигрантпын, АҚШ-та Майамиде тұрамын. Осы себепті орыс тілді немесе орыс ұлтының достастық елдеріндегі жағдайын білу, сол елдердегі табиғатты тамашалау мен үшін қызықты. Жобаның басты идеясы осы орыс диаспораларының халықтарының салтымен танысу. Ал бұл іске, яғни саяхаттауға бетбұруымның өз тарихы бар. 2004 жылы мен ауыр жол апатына түстім. Осыдан кейін ғана қоғамдық іскерлікті, саяхаттауды мотоциклмен бастап кеттім. Ондағы негізгі мақсат түрлі елдердегі жол көлік қозғалысындағы қауіпсіздіктің қаншалықты деңгейде екенін анықтау болатын. Әрменгі жобаларымның да негізі не мәдени, не қоғамдық бағытта болды.

- Сонда барған жерлеріңізде халықтың тұрмыс-салтына, тіршілігіне, табиғат әседіктеріне назар саласыз ба?

- Барған-көрген жерімде Ресейдің табиғаты жайлы фотокөрмелер мен деректі фильмдер көрсетемін. Студенттермен араласып, оларды Ресейге шақырамын. Тағы да бір қызық жобам елдердің достастығы жайлы «Достар клубы». Бірақ оның әлі де ресми түрде белгіленбегеніне байланысты нақты айта алмаймын. Бірақ негізгі концепциясы Орыс Географиялық Қоғамының базасында көптеген жастарға ғылыми жаңалықтарға баруына көмектесу болып табылатыны анық. Және де ең бастысы осы аталған елдердің арасында тәжірибе алмасу маңызы бар іс деп ойлаймын.

- Мейлі, Қазақстанды зерттедіңіз делік, көріп, біліп, анықтадыңыз. Әрмен қарай қандай мақсат?

- Қазақстанға өз басым екінші рет келіп отырмын. Біз геосаяси байланыста да, тариха қарым-қатынаста да дос елдерміз. Сондықтан да Қазақстан Ресеймен байланысуға қаншалықты қызығып отырса, біз де өз кезегімізде Қазақстан елімен танысуға, байланыс жасауға қызығушылық танытып отырмыз. Мәдени байланыстарымыз туралы айтып жатудың өзі артық. Сол себепті де табиғи мүмкіндіктері бірегей Қазақстан біздің экспедиция бағытында назарымыздан тыс қалмады. Қазақстанда жаңа ғылыми зерттеулер ашып, тіпті тарихқа әсер ететін жаңалықтарды ашамыз ба деген ойымыз бар. Ал бұл үшін тәжірибелік қана емес, мәдени де қарым-қатынас жасауымыз қажет деп ойлаймын. Мен әзірге Қазақстанның барлық табиғат сұлулықтарын көре алған жоқпын, бірақ алғашқы келуімде Ақтау маңындағы Бейнеу деген жерге барып, тамсанғаным есімде. Қазіргі таңда Ресейде болсын, Қазақстанда немесе басқа да достастық елдерінде болсын, экологиялық туризмді барынша насихаттап, дамытуымыз керек. Сонда мен мұнда салт-дәстүрді әлі де сақтап отырған адамдарды іздеп, олардың тұрмыс-салтына қызыққандықтан келіп отырғаным түсінікті болған шығар?

- Әрине, әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: Влад Минин

А. Құлтай