Ішкі әскер сарбаздары мерекеде ант қабылдады

Ішкі әскер сарбаздары мерекеде ант қабылдады

Астана күнінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдеріне шақырылған жас жауынгерлердің бір легі Отан алдында адал қызмет етуге салтанатты жағдайда ант қабылдады.

Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөліміне шақырылған 400-ден астам жас сарбаз бір ай уақыт бойы оқу пунктінде алғашқы жауынгерлік дайындық курстарынан өтті. Оларға саптық, қызметтік-тактикалық, ату дайындығы, әскери жарғылардан сабақтар өткізіліп, әскери бөлімнің тарихы мен қызметтік-жауынгерлік жолы таныстырылды.

Әскери ант қабылдау салтанатына жас жауынгерлердің ата-аналарымен қатар, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының, Ішкі әскердің ардагерлері қатысып, сарбаздарға жауынгерлік қызметте табыстар тіледі.

Ішкі әскердің 5571 әскери бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырмалар орындайды.

Дайындаған: Анар Мұстафина


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар