Оқи отырыңыз

Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен.

Автор: Мұзафар Әлімбаев

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен күтетін мереке
Мен күтетін мереке

Автор: Гүлжанар Жарқынбекқызы

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Астана халқы асық атуға құмар екен

Астана халқы асық атуға құмар екен

Астана халқы асық атуға құмар екен

Асық ойнаған азбайды екен. Біз бұл ойға Астанада өткен «Алтын сақа» турнирінен соң келдік. 

Осымен бесінші рет «Алтын сақа» қалалық ашық турнирі өткенін хабардар етейік. Шара ғалым-этнограф, жазушы Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған. Мұндағы басты мақсат, ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, ұлттық спорт түрін халық арасында кеңінен насихаттау. Бұл турнирге тек елімізден ғана емес, сонымен қатар, Орталық Азия елдерінен де қатысушылар келген. «Асық ату» федерациясының Президенті, ҚР Еңбек сіңірген бапкері Жомарт Сабыржанов "Асық ату" ұлттық спортымыздың жақында ғана патенттелгенін мәлімдеді. Қазымыз бен қымызымыз "жат жұрттық" болып кете барғанда, бұл сөзге шын қуанып қалдық. 

«Асық ату» федерациясының Президенті, ҚР Еңбек сіңірген бапкері Жомарт Сабыржанов пен қарт қатысушы Таңсықбай Жолдасов

Спорт саласында жүрген ақсақалдар бұл жарыста төрешілік етті, оның ішінде Жомарт Сабыржанов: «Асық ату ойыны министрліктің күнтізбелік жоспарына кіргенін білеміз. Ал келесі жылдан бастап, әрбір спорт мектептерінде асық атуды үйрететін бапкерлер қызметте болуына рұқсат беріледі. Тіпті асық ату шеберлері мен ұстаздарына спорт шебері атағын беру жөнінде ойластырып жатқанымыз тағы бар. Ақселеу ағамыз (Сейдімбеков А.Қ.) кезінде бұл ісімізге риза болып, мүмкіндік болып жатса, асық ату ойынына байланысты 30 том кітап жазып берер едім деуші еді», - дейді. Ойға қалдық, шіркін дестік.

Жасы жетпістен асса да, асық иірген ақсақал осы

Ал жасы жетпістен асып кетсе де, асық ату ойынына қатысып, іріктеу кезеңіне жете алған Таңсықбай ата (Жолдасов) "Астананың ауысқанынан соң, осында келгенмін. Ал енді тура 15 жылдан соң, қайта келіп отырмын. Сондағы айтайын дегенім, Астананың мүлдем өзгеше кейіпке өзгергені. Жер бетіндегі ең көрікті қаланың біріне айналған қаламыздың он бес жылдығында асық бәйгесіне қатысамын және оның іріктеу турынан өте алады деп кім ойлаған?! Міне, ұлттық спортымыздың жанашыры ретінде осы елордамызда ұлттық спорт түрлері халық арасына тарап жатқаны біз үшін үлкен қуаныш", - дейді. Таңсықбай ақсақал арнайы Оңтүстік Қазақстан облысынан ат терлетіп келген екен. Елдің амандығын тілеген қарттың батасын алған соң, жаппай асық турнирін бастағандар өз жеңімпаздарын да анықтады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Құтты болсын дедік.

Ақсақалдың асықты иірген сәті

Астана қалалық №8 Спорт мектебінің ұстазы, елімізде асық ойынын дамытуға атсалысып жүрген Ерсайын Нарымбетов болса, жақын арада мектептердегі дене шынықтыру сабақтарында асық ату мамандары пайда болатынын қадап тұрып айтты. Біз бас изедік. 

Жеңімпаздарға арналған велосипедтер осы

Арнайы шақыртусыз-ақ астаналықтар мен қала қонақтарының асық ату бәйгесіне белсене қатысуын көріп, олардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын айдан анық көруге болады. Екіге бөлінген алаңда еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін иіліп тұрып асық иіргені қалың халыққа ұнаған болуы керек, 300-400-ге жуықтаған адам күннің түнеріп, жаңбыр себелегеніне міз бағып қараған жоқ. Иә, Астана халқы асық атуға құмар екен...

Арнайы Массагет.кз үшін Астанадан: Ардақ Құлтай

5023 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 04 шілде 2013, 18:55
Пікірлер
+0
04 шілде 2013, 17:48

Асық атудан да бапкер болады екен ғой. Бірінші рет естіп тұрмын. :)

+0
05 шілде 2013, 09:48

мен ваще асық атудан турнир болатнын бірінші рет естуім ))) біздің бала кезде әр қой соғанда ағам асықтарын шығарып алып бояп қорғасын құйып, күйдіріп жатушы еді. Қазіргі балаларға асық берсең "оны қайтем" дейді (

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...

Мектеп – 2017 #2
Мектеп – 2017 #2

Қос оқушының өмірінде  қандай өзгерістер орын алуда? "Мистер икс" деген кім? Бұл сұрақтардың жауабы осы бөлімде...