Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алдағы демалыста Алматыда болатын мәдени шаралар

Алдағы демалыста Алматыда болатын мәдени шаралар

Алдағы демалыста Алматыда болатын мәдени шаралар

Оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін алдыңғы демалыс күндері шаһарымызда өтетін түрлі мәдени және көңіл көтеру шараларын ұсынамыз.

«Шороховтардың сурет пен мүсін өнеріндегі туындылары» көрмесі


Өтетін күні: 5-26 маусым

Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы мұражай

Алматы қаласында алғаш рет Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшелері, танымал қазақстандық мүсінші Павел Шорохов пен суретші Дмитрий Шороховтың шығармашылығы таныстырылатын ортақ көрме ұйымдастырылып жатыр.

Көрмеде Павел Шороховтың жетпістен аса мүсін өнеріндегі туындылары мен суретші Дмитрий Шороховтың жүзден аса суреттері көрсетілмек.

Гүлнұр Оразымбетованың ән кеші


Өтетін күні: 8 маусым, сағат 19.30

Өтетін орны: Республика Сарайы

Алматы шаһарында әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Гүлнұр Оразымбетованың ән кеші өтпек.

Гүлнұр Оразымбетова ең алғаш 2000 жылы «Жас қанат» республикалық байқауына қатысып, содан бері қазақ эстрадасында танымалдылыққа ие бола бастады. Осы байқауда ол бас жүлдемен қанжығасын майлаған болатын. Одан кейін Гүлнұр «Азия даусы» байқауына да қатысты. Сонымен қатар, ол Болгария елінде өткен «Дискавери» байқауының да жеңімпазы. Өткен жылы әнші «Серпер» атты республикалық премияның иегері атанды. Қазақ эcтрадасының жарық жұлдызына айналып үлгерген Гүлнұр Оразымбетованың шығармашылық кешінен қалып қоймаңыз!

Фортепианошы Жанар Сүлейменованың кеші


Өтетін күні: 9 маусым, сағат 18.30

Өтетін орны: Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филормониясы

АҚШ пен Италияда өткен Халықаралық байқаулардың дипломанты, Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филормониясының солисті Жанар Сүлейменованың кешіне де бас сұғыңыз.

Гүлнәр Асқарованың сурет көремесі


Өтетін күні: 5-20 маусым

Өтетін орны: Суретшілер Одағының галереясы

Суретшілер Одағының галереясы мен «Ұлар» арт-агенттігі алғаш рет Гүлнәр Асқарованың шығармашылығы таныстырылатын көрме ұйымдастырып отыр.

Гүлнәр Асқарованың туындыларындағы жарқын түстер бір қарғаннан-ақ көзді елітіп әкетеді. Оның ашық бояуларынан туған суреттерін көргіңіз келсе, 5-20 маусым аралығында Суретшілер Одағының галереясы ат басын бұрыңыз.

«Затбелгілер» («Этикетки») көрмесі


Өтетін күні: 7-23 маусым, дүйсенбі-сенбі сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін

Өтетін орны: Орталық көрме залы

Алматы қаласында суретші Анатолий Назаров, Нина Назарова мен Людмила Овчинникованың «Затбелгілер» («Этикетки») фотосуреттер көрмесінің ашылуы өтпек. Көрмеде аты аталған авторлардың таңғажайып реализмге толы суреттері мен фотосуреттері көрсетіледі.

"The Spirit of Tengri" фестивалі

Өтетін күні: 8 маусым, сағат 19:00

Өтетін орны: Mega Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығы

"The Spirit of Tengri", яғни, "Тенгри рухы" мәдени-шарасының мақсаты Еуразия құрлығы халықтарының төл мәдениетін, шығармашылық дәстүрін таныстыру мен насихаттауға бағытталған. Биылғы жылғы жоба құрлықтың ең мықты этникалық топтарын бір арнаға жинауды көздеп отыр. Фестивальге қатысушы өнерпаздар өз елдерінде ғана емес, өзге елдерде кеңінен танымал. Атап айтар болсақ, «Аргамак» (Башқұртстан Республикасы), «Намгар» (Бурятия Республикасы), Гульзада (Қырғызстан), Чылтыс (Таулы Шория), Болот Байрышев (Алтай), Юлиана (Якутия), «Саинхо Намчылак» (Тыва Республикасы), «Хангай» (Моңғолия) және т.б. Қазақстан елінен фестивальге «Алдаспан», «Magic of Nomads», «Роксонаки» және жеке орындаушы әншілер: Әсем, Қорлан, Найя қатысады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: olender.kz, jam.kz, afisha.nur.kz, season.kz

2358 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 07 маусым 2013, 17:16
Пікірлер
+0
08 маусым 2013, 11:46

Корен Пати болады соған барам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...