Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Осы аптаның мәдени шаралары

Осы аптаның мәдени шаралары

Осы аптаның мәдени шаралары

  • Қазақстандағы Еуропа киносының апталығы

Өтетін уақыты: 12-19 мамыр

Өтетін орны: «Цезарь» кинотеатры

Билет құны: 300 тенге.

Алматы қаласында өтіп жатқан еуропалық кинолардың апталығын EUNIC ұйымы ұйымдастырып отыр. Осы аптада сіздер өздеріңіздің сүйікті еуропалық кинофильмдеріңізді «Цезарь» кинотеатрынан көре аласыз. Бағдарламасы төмендегідей:

15 мамыр 19:00 – «Сүңгуір қайық» (Ұлыбритания)

16 мамыр 19:00 – «Гёте!» (Германия)

17 мамыр 19:00 – «Өмірдегі алғашқы күні» (Франция) 

18 мамыр 16:00 – «Зағиппен кездесу» (Польша) 

18 мамыр 18:00 – «Корольдың құнды заттары» (Швеция) 

19 мамыр 16:00 – «Құрлық» (Италия) 

19 мамыр 18:00 – «Адамдар сонда» (Латвия)

  • "Армандар фабрикасы"

Өтетін уақыты: 2 мамыр – 2 маусым, сағат 10:00- 18:00 

Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында кеңестік кезеңнен қалған құнды коллекциялар жиынтығы сақталған. Олар мұражайға онша шығарыла бермегендіктен, жұрт мұндай бағалы экспонаттардан хабарсыз. Ғасыр бойы таныла қоймаған кеңестік реализмнің сарқыншақтарын мұражайдан көргіңіз келсе, осы мақсатта бір ай бойы ашық қызмет көрсетіп жатқан Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына маусымның екісіне дейін бас сұғып қойыңыз.

Мұражайда сурет пен мүсін өнерінің шыңына шыққан шеберлердің туындылары қойылады. Олардың ішінде КСРО-ның халық суретшілері – Қанафия Телжанов, Сахи Романов, Н. Нұрмұхаммедов, Қ. Шаяхметов, В. Серов, С. Чуйков және тағы да басқа бұрынғы кеңестік елдердің түкпір-түкпірінен аты шыққан шеберлер бар.

Көрмені ұйымдастырушылар бұл шараның елеусіз қалмасына кәміл сеніп отыр. 

  • Ләйла Махаттың «Уақыт суреті» атты суретті және графикалық шығармаларының көрмесі

Өтетін уақыты: 16 мамыр. Сағат 18.00

Өтетін орны: Астана қаласы, Келісім және Бейбітшілік Сарайы (ПИРАМИДА), 6-қабат

Көрмеге 120 туынды қойылады. Солардың ішінде «Құмыралар», «Бақсы», «Әскерлер», «Скифтер мекені», «Алмалар», «Тастар», «Тастағы жазулар», «Пейзаж», «Жазу таңбалары» атты сериямен қойылатан туындыларға баға беріп кетіңіз.

  • «Мұражайдағы түн»

Өтетін уақыты: 17 мамыр. Сағат 17.00

Өтетін орны:  Мемлекеттің мұражай орталығы

«Мұражайдағы түн» – 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Алматы қаласындағы ең танымал шаралардың бірі. Биыл да «Мұражайдағы түн» алматылық тұрғындар мен қала қонақтарын күтетін болады. Шараның бағдарламасы:

-          «Ескілік жаңғырығы» атты көрме;

-          Ұлттық бұйымдардың жәрмеңкесі;

-          Мұражай экспонаттарымен ақысыз танысу;

-          Балаларға арналған қуыршақ театры;

-          Ұлттық киімдер мен шаш үлгілері көрсетілетін шоу-дефиле;

-          Ш. Айманов атындағы «Қазақфильмнің» есебінен түнгі кинокөрсетілім;

-          ҚР халық әртістері мен эстрадасының жарқын жұлдыздарының қатысуымен ән кеші;

-          «Түнгі дәмхана»;

Сонымен қатар, «Мұражайдағы түн» шарасы аясында «Астрологтардың кеңесі», «Естелік сурет», «Бір мезеттік сурет» сынды арнайы акциялар да өтпек.

  • Әйелдерге арналған «Әйел денсаулығы: А-дан Я-ға дейін» атты семинар

Өтетін уақыты: 18 мамыр – 25 мамыр.

Өтетін орны: Астана

Семинардың тақырыптары: 

-          Барлық ауруды шақыратын 3 себеп және одан қалай құтылуға болады?

-          Демікпенің болу мүмкіндігін азайтатын сіздің бүгін жасау керек 5 қадамыңыз, т.б.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: season.kz

5402 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 мамыр 2013, 19:15
Пікірлер
+0
15 мамыр 2013, 10:08

мұражайдағы түнге жылда барам деп бара алмай қалам

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев