Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Маңғыстау төріндегі Шерқала

Маңғыстау төріндегі Шерқала

Маңғыстау төріндегі Шерқала

Қадірлі Массегет порталының оқырмандары!  Бүгін Маңғыстау облысында орналасқан тарихи ескерткіш Шерқала туралы әңгіме-дүкен құрып, сол туралы кейбір қызықты ақпараттарды назарларыңыздан өткіземіз.

Шерқала Маңығыстау облылысының төсінде орналасқан тау түзілісі. Сырттай қараған адам оны әр нәрсеге ұқсатып жүр. Кейбіреулер төңкерулі кесеге ұқсатса, енді біреулер таудан кәдімгі киіз үйдің бейнесін көреді. 

Шерқала Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі жібек жолының қызып жатқан кезінде  талайларға көлеңке, пана болған деседі. Кейбір аңыздар бойынша, бұрынырақта Шерқаланың төбесінде кішкене қалашық болған. Халық сол жерде өмір сүріп,  дұшпандардың шабуылынан қорғанған екен. 

фТаудың солтүстік бөлігі үздіксіз соққан желдің әсерінен қажалып, өзгеріске ұшыраған. Осы желдің әсерінен оның жан жағынан пайда болған жеке түзілістерді де байқауға болады. Ал оңтүстік бөлігі мен шығыс жағы тік жарлы. Жоғарғы жағы тегіс, адамның жүріп-тұруына ыңғайлы. Таудың етегінде төбесіне апаратын үңгір бар. Бірақ жергілікті қариялардың айтуынша, онда адамның кіруі қауіпті. Аңыз бойынша ол жерде өлген адамдардың жандары өмір сүреді екен. 

Осы жерде әйгілі суретші Тарас Шевченконың өзі келіп пленер жасапты. Поляк суретшісі  Б. Залесский де осы жердің пейзажын қағазға түсірген.

Жергілікті ақындар болса:

"Шерқала таудың бөркі еді, 

Айрақты таудың көркі еді," -

деп жырға қосқан. 

Ал, қазіргі кезде Шерқала көптеген туристердің сүйікті орнына айналып үлгерді. Қысқасы, келе жатқан демалыстарда саяхаттаудың реті келсе, міндетті түрде Маңғыстау төсіндегі осы тарихи ескерткішті көріп, сергіп қайтуға кеңес береміз.

Фото: visitkazakhstan.kz
Қосылған күні: 21 наурыз 2012, 13:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.