Семей жастарын фотоконкурсқа шақырады

Семей жастарын фотоконкурсқа шақырады

Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайы өзінің құрылғанына 130 жыл толу мерейтойына орай, жастар арасында "Семей қаласының тарихи және естелік орындары" атты фотоконкурс ұйымдастырады.

Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттық орталығының хабарлауынша, конкурстың мақсаты – жастарды туған қаласының тарихын зерттеуге итермелеу және үш ғасырлық тарихы бар қаланың фотобанкін жасау.

Конкурсқа қатысуға өтініш беру 20 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. Сайыс нәтижелері 10 маусымда белгілі болады. Қазылар алқасының құрамына мұражайдың ғылыми қызметкерлері мен фото бөлімінің мамандары кіреді.

Айта кетелік, конкурсқа 14-25 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Үміткерлер 3 фотосуреттен артық бере алмайды. Әрбір жұмыс объектінің тарихы туралы шағын әңгімемен қоса берілуі керек. Сонымен қатар, суреттердің түрлі-түсті, JPEG форматында, 1500 пиксел кеңейтілімде болуы міндеттеледі. Ең үздік жұмыстар мұражайдың арнайы экспозициясына қойылатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: akimsemey.gov.kz

Massaget