Астанада «Гейдар Алиев және оның кезеңі» көрмесі ашылады

Астанада «Гейдар Алиев және оның кезеңі» көрмесі ашылады

«Мәдениеттер арқылы сұхбат» халықаралық көрме жобасы аясында Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында «Гейдар Алиев және оның кезеңі» көрмесі ашылады. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Экспозицияны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорымен бірге Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының Елшілігі ұйымдастырған. Ол Әзірбайжан халқының жалпыхалықтық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың туғанына 90 жыл толуына арналып өткізіліп отыр.

Бұл мерейтойлық іс-шаралар аясындағы кеңестік мемлекеттер басшыларына арналған екінші көрме. 2012 жылдың маусым айында Ресей Федерациясының тұңғыш Президентінің 80 жылдығына арналған «Борис Ельцин және оның кезеңі» көрмесі өткізілген болатын", - делінген таратылған ақпаратта.

Тұңғыш Президент мұражайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Әзірбайжан Елшілігімен арадағы серіктестік қарым-қатынасты тығыз байланыстыруда. 

Айта кетелік, мұражай қорларында Әзірбайжанның тарихы мен мәдениеті туралы құнды бағалы кітаптар сақталған. Көрме экспозициясына, сонымен қатар, біздің елдегі Әзірбайжан Елшілігі ұсынған фотографиялар да қойылған.  

Көрменің ашылуы ертең, яғни, 3 мамырда 17.00-де ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында өтеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tour.prezidentsmuseum.kz

Massaget