Демалыс құр өтпесін десеңіз...

Демалыс құр өтпесін десеңіз...

Жұма келгенше, жұмылып жұмыс атқарып тастасаңыз, екі күн бойы демалуыңызға әбден болады. Сенбі мен жексенбі күндерін құр өткізбей, біз ұсынатын орындарға барып көңіл көтеріңіз.

Айқынның концертінен қалмаңыз!


Арамызда Айқынның шығармашылығы тұрмақ, өзіне ғашық арулар аз емес. «SuperStar.kz» байқауы арқылы бағы жанған жас әнші өзінің алғашқы есеп беру концертін өткізбек. Кеште Мақпал Исабекова мен 101, Текила, Арай топтары да өнер көрсететін болады. Қалып қоймаңыз!

Уақыты – 26 сәуір, 19:30

Өтетін орны – Республика сарайы

Алматыдағы би фестиваліне бас сұғыңыз!


Алматыдағы «Santas Flores del Alma» студиясы халықаралық би күніне байланысты фестиваль өткізбек. Билеттерді шара басталар кезде алуға болады.

Уақыты – 28 сәуір, 15:00

Өтетін орны – «Great Hall» KIMEP

«Тамғалы-Тас» халықаралық фестиваліне барыңыз.


Отандық «Тамғалы-Тас» фестивалі «Қазақстан Республикасындағы туризм жылына» байланысты халықаралық деңгейде өткелі жатыр. Мақсаты – түркітілді халықтардың достығын нығайту және туризм саласын дамыту.

Қазақстандық алғашқы Туристік фестиваль аясында еліміздің өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді.

Уақыты – 26-28 сәуір, 17:00

Өтетін орны – «Тамғалы-Тас» шатқалы

Жәмила Баспақованың концертіне барыңыз!


ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі орындаушы Жәмила Баспақова классика сүйетін тыңдарманды өз орындауындағы әндерімен қуантпақ. Концерт 1 сағат, 30 минутқа созылады.

Уақыты – 27 сәуір, 17:00

Өтетін орны – Абай атындағы Қазақ Мемлекеттің Академиялық Опера және Балет театры.

Демалыс қызықты өтсін!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: lovemuic.kz, diary.ru, kzmz.kz 

А. Әбілхан