Алматыда Life Fest XXI фестивалі өтеді

Алматыда Life Fest XXI фестивалі өтеді

Алматыда 15-16 маусым күндері халықаралық «Life Fest XXI» фестивалі өтеді. Шараға бүкіл әлемнен жиылған бишілер, стилистер, музыканттар қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

Фестиваль аясында көрме-жәрмеңкелер, карнавалдық жүрістер, жас жұбайлар парады, мастер кластар, көркем жәрмеңкелер, жергілікті және шетелдік әншілердің концерттері ұйымдастырылады. «Life Fest XXI» көрмесінде түрлі қолөнерлер тауарлары, сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген сан-қилы бұйымдар сатылатын болады.

Кез келген тұрғын еш қиындықсыз музыкалық қозғалысқа қосылып, байк-шоуды тамашалап, тілек шарын ұшырып, әдемі фейрверкке куә болып, көңіл көтере алады. Кіру - тегін. Қонақтарға костюм киіп келу міндеттеледі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: vk.com

Massaget