Қазақстандық қыздар жаңа зымыран отынын ойлап тапты

Қазақстандық қыздар жаңа зымыран отынын ойлап тапты

Атыраудағы ағылшын тілін тереңдете оқытатын техникалық гимназияның оқушылары Гауһар Зайденова мен Аяжан Жолдасқали ғарыштық зерттеулер бойынша ІХ Халықаралық ғылыми байқаудың жүлдегерлері атанды. Бұл туралы Атырау облысының Ақ Жайық газеті жазды.

Он бірінші сынып оқушысы Гауһар Зайденованың ғылыми жұмысы «Депрессаторлық қосылыс-тардың синтезі, мұнай және мұнай өнімдерінің физика­химиялық қасиеттерін жақсарту мүмкіндіктері және оларды зымыран отыны ретінде пайдалану» деп аталады. Оқушы минус 60 градуста да қасиетін жоймайтын зымыран отынының жаңа формуласын ойлап тапты. Айта кетелік, қазылар алқасы құрамындағы ресейлік ғалымдар жұмысқа қызығушылық білдіріп, жобаны тереңірек зерттеу мақсатында алып қалды. Гауһар енді өз еңбегін патенттеу жұмыстарымен айналыспақ.

пр

Гауһар Зайденова

Гауһардың командаласы 10 сынып оқушысы Аяжан Жолдасқали «Космостық биология және медицина» секциясында үшінші орынға ие болды. Жас ғалым осылайша ҰБТ тапсырмай-­ақ, елдің кез келген оқу орнына түсу құқығына қол жеткізді.

"Осындай престижді байқауда жеңіске жету, шын мәнінде, тек біздің гимназия емес, бүкіл облыс үшін маңызды оқиға", - деді гимназия директоры София Әлібаева журналистерге берген сұхбатында.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттерде: Аяжан Жолдасқали, Гауһар Зайденова (today.kz)

Massaget