Алматыда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда облыстық ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.

"20 сәуір күні "Астана" алаңында (Қазыбек би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі және Абылайхан көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі квадратта) Алматы облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді", - делінген таратылған ақпаратта.

Жәрмеңке жұмысы таңертеңгі сағат 10.00-де басталады.

Қала тұрғындары көкөніс, жеміс, ет, сүт, май тағамдарын арзан бағаға сатып ала алады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: abakan.sibnovosti.ru

Massaget