Әлемдік статистика: 2023 жылы ең өзекті 8 мамандық

Әлемдік статистика: 2023 жылы ең өзекті 8 мамандық

Воллонгонг университеті мен Аустралияның Жұмыспен қамту департаменті зерттеу жүргізіп, 2023 жылы ең сұранысқа ие және өзекті мамандықтарды анықтады.

Мұғалімдер мен әдіскерлер

Ведомствоның мәліметінше, әлемде білім беру саласында мамандардың тапшылығы сезіледі. Сонымен қатар, келесі бағыттар жеке блок ретінде белгіленген: ақпарат өндіруші, онлайн курстар оқытушышыс және онлайн әдіскер. Әсіресе желіде мектеп ашумен және оларды насихаттаумен айналысатын мамандарға сұраныс жоғары, оқу бағдарламаларын әзірлеушілер де өзекті.

Тестілеуші

Болашақта өзектілігін жоймайтын сұранысқа ие тағы бір мамандық – тестілеуші. Бұл қызметкер жобаларды қарастырады, дизайнерлер немесе бағдарламашылар түзетуі қажет қателерді анықтайды және бағдарламалардың, қолданбалардың және ойындардың мүмкіндігінше пайдаланушыға ыңғайлы болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

Веб-сайт әзірлеуші

IT саласы жұмыс үшін ең табысты және сұранысқа ие салалардың бірі болып қала береді. Жалпы алғанда, әзірлеушілердің үш түрі бар: сайттың сыртқы түрі мен көрінетін жағына жауап беретін frontend, ішкі процестерде жұмыс істейтін backend, және fullstack – әмбебап маман.

Таргет саласындағы жарнама маманы

2023 жылы танымал онлайн кәсіп – бұл таргетолог. Мұндай қызметкер әлеуметтік желілерде бренд қызметін ілгерілету және дамыту мақсатында жарнаманы орнатумен, жаңа тұтынушыларды тартумен және аудиторияның портретін жасаумен айналысады. 

SMM менеджері

Әлеуметтік желілердің танымалдылығы биыл да бәсеңдемейді. Оның үстіне жыл сайын жаңа сайттар пайда болады. Қазір Instagram, Facebook және Tik-Tok сияқты желілерде SMM менеджерінің мамандығы сұранысқа ие. Маман бренд маркетингінің даму жоспарын жасайды, жоба аккаунты үшін тартымды контент жасайды, аудиториямен кері байланыс жасайды, компанияның желідегі имиджін қалыптастырады және посттар жазады.

HR менеджері

HR менеджері мамандығы өзектілігін жоғалтпайды. HR маманы кез келген ұжымдағы маңызды қызметкер болып қала береді, ол жаңа қызметкерлерді табуға ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның кадр саясатын қалыптастыруға көмектеседі.

Project-менеджер

Тағы бір өзекті мамандық. Бұл қызметкер жобаны үйлестіреді, топты басқарады, жұмыс процесін реттейді және тұтынушылармен қарым-қатынасқа жауапты.

Медицина қызметкері

Әлемде медицина саласындағы мамандардың тапшылығы қатты сезіліп жатыр.  Хирург, кардиолог, инфекционист мамандарға сұраныс жоғары.

Т. Раушанұлы