Тарихтағы ең ірі қантөгісті адам кептелістері
Фото: pikabu.ru

Тарихтағы ең ірі қантөгісті адам кептелістері

29 қазан күні Хэллоуинді тойлау үшін мыңдаған адам Сеул қаласының Итэвон ауданындағы көшеге шыққан. Адам көптігінен тар көшеде олар қысылып қалған. Салдарынан 154 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды. Қантөгісті адамдар кептелісі тарихта бірнеше рет орын алды. Соның ішіндегі ең ірі қайғылы оқиғаларды тізіп көрдік.

1. Меккедегі жаяу жүргіншілер тоннеліндегі апат. Қаза тапқандар саны – 1426

1990 жылдың 2 шілдесінде 1000 адам ғана сиятын туннельден 5000-ға жуық адам өтпекші болған. Дәл сол уақытта желдету жүйесі істен шыққан. 1426 адам оттегінің жетіспеушілігінен және тапталудан қайтыс болды.

2. Ходынка алаңындағы қайғылы оқиға. Қаза тапқандар саны – 1389  

ІІ Николай таққа отыруын тойлау кезінде адамдардың бір-бірін таптауы салдарынан 1389 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 1896 жылы 30 мамырда болды. Жиналғандардың барлығына тегін сыйлықтар – рулет, шұжық, сыра пен т.б тағам жетпейді деген қауесет тарады. Тамаққа ұмтылған адамдар бір-бірін таптап кетті.

Бағдат көпірі. Қаза тапқандар саны – 500-1000

3.2005 жылы Имам Мұса әл-Казимнің жылдығын атап өту үшін Ирактағы Бағдад көпіріне жүздеген мың қажы жиналды. Көпшілік арасында өзін-өзі жарып жіберетін жанкештілер бар деген қауесет тарады. 1000-ға жуық адам тапталып қалды. Қаза тапқандардың көпшілігі әйелдер мен балалар еді.

4. Үндістанның «құмыра фестивалі» кезіндегі апат. Қаза тапқандар саны – 800

1954 жылы Аллаабад Кумбха Мела кезіндегі адам кептелісінде 800 адам қаза тапты. Жалпы, бұл фестиваль кезінде жиі адам қаза табады.

5. Меккедегі апат. Қаза тапқандар саны – 717

2015 жылдың 24 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Мекке маңындағы Мина алқабында екі көшенің қосылуынан пайда болған шағын алаңда қажылардың екі үлкен легі бетпе-бет келіп қалды. Соның салдарынан кептеліс пайда болды. Кейінгі мәліметтер бойынша, 717 адам қаза тауып, 900-ге жуық адам жарақат алған.

6. Пномпеньдегі апат. Қаза тапқандар саны – 456

2010 жылы Камбоджа су фестивалі кезінде отшашуды көргісі келетіндер көпірге сыймай қалған. Адамдар Тонле Сап өзеніне құлап, суға батып кетті. Салдарынан 456 адам қаза тапты.

7. Мекке-2006. Қаза тапқандар саны – 363

Осыдан 16 жыл бұрын Мекке маңында қажылық кезінде 363 адам бір-біріне тапталып, қайтыс болған. Қайғылы оқиға шайтанға тас ату рәсімі кезінде орын алды.

8. Үндістандағы Мандар Деви храмы. Қаза тапқандар саны – 256

2005 жылы индуизм фестивалі кезінде газ баллонының жарылуы мен өрттен туындаған дүрбелең 265 адамды өлтірді.

9. Сталинмен қоштасу. Қаза тапқандар саны ресми түрде – 100

Жерлеу рәсімі кезінде Трубная алаңының аумағында адамдардың кептелісі болған. Құрбандар саны туралы ресми деректер жоқ, құпия саналады. Мәскеуде тәртіпті сақтау жөніндегі жедел штабты басқарған Иван Серов жүзге жуық адам қаза тауып, екі жүзге жуығы жарақат алғанын жазады. Бірақ бейресми мәліметтер қайтыс болғандар саны әлдеқайда көп екенін айтады.

10. Виктория Холлдағы апат. Қаза тапқандар саны – 183

1883 жылы Ағылшын Сандерлендіндегі балалар мерекесі қайғылы оқиғаға айналды. Балаларға тегін ойыншықтар берілді. Ойын-сауық бағдарламасы аяқталған соң балалар сый-сияпат таратып жатқан тар баспалдаққа қарай жүгірді. 183 бала үшін бұл ең соңғы мереке болды.

Т. Раушанұлы