Серб ғалымдары қоңыздың жаңа түрін Джокович есімімен атады

Серб ғалымдары қоңыздың жаңа түрін Джокович есімімен атады
Фото: ru.moyens.net

Серб ғалымдары жаңадан табылған қоңыз түріне теннисші Новак Джоковичтің есімін берді.

Ғалымдар Сербияның батысындағы Вальево қаласының маңындағы тау үңгірінен үңгір жыртқыш жәндігі табылып, оған «Дувалиус Джокович» (лат. Duvalius djokovici) деген ат берілгенін хабарлады. "Жәндік Шимина-яма үңгірінде мекен етеді және ол әлі әлемнің ешбір жерінде кездеспеген. Бұл кішкентай, мүлде соқыр және ұзын аяқтары мен мұрты бар түссіз жәндік.

«Жаңалықтың авторлары Новак Джоковичтің жанкүйерлері, сондықта олар жаңа түрге үздік теннисші және әлемдегі ең танымал спортшының атын берді», - деді ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Белград университетінің биология факультетінің өкілі.

Ғылым үшін жәндіктердің жаңа түрін профессор, биология ғылымдарының докторы Срекко Чурчич және Белград университетінің биология факультетінің биология ғылымдарының докторы Никола Весович, сонымен қатар энтомолог және биоспелеолог Драган Павичевич сипаттады.

Бұл түрдің үлгілерін биоспелеологтар Милош Курайка жинаған, ол да доктор Ива Нюничпен бірге ғылыми жұмыс авторларының бірі.

Ғалымдардың айтуынша, «Дувалиус Джокович» өте көне түр, ал оның аман қалған ұрпақтары Батыс Сербияда мекендейді және Мален тауы мен Вальево маңындағы үңгірлерде өмір сүреді.

Жаңалық авторлары ғылым үшін жәндіктердің жаңа түрі мен серб теннисшісі Новак Джоковичтің арасында бірнеше жалпы сипаттамаларға негізделген: жылдамдық, күш, төзімділік, серпімділік және қатал жағдайларда аман қалу қабілетіне байланысты «ұқсастық тапқанын» айтты.

"Жәндіктердің жаңа түрі жер асты жыртқышы, ал Новак – бейнелеп айтқанда, теннис кортындағы жыртқыш. Оның үстіне екеуі де Сербиядан шыққан", - дейді Срекко Курчич пен Никола Весович.

Бұл Балқанда ғалымдардың жаңалықтарын Новак Джоковичтің атымен атауы бірінші рет емес. Жақында Subterranean Biology ғылыми журналында Черногориядан шыққан тұщы су ұлуларының жаңа түрі сипатталды, ол «Травуниана Джокович» (лат. Travuniana djokovici) деп аталды.

Спортшы әлеуметтік желіде Еуропадағы жер қоңыздарының Дувалиус тұқымдасына жататын жәндіктердің суретімен бөлісті. Қоңыздар алғаш рет бірнеше жыл бұрын батыс Сербияда жер астынан табылған.

Джокович бүкіл мансабында 21 рет «Үлкен дулыға» жүлдесін жеңіп алған. Ол Masters Series турнирлерінде ең көп жеңіске жету рекордының иесі (38).

Т. Раушанұлы