КСРО-ның бүгінде қажетсіз саналатын мектеп пәндері

КСРО-ның бүгінде қажетсіз саналатын мектеп пәндері

КСРО кезіндегі мектептегі бірнеше пәнді еске түсіруді ұсынамыз, олардың бар-жоғын қазіргі оқушылар білмейді.

Кеңес мектебіндегі сызу сабағы

Сызу – бұл кеңес балалары түрлі пішінді сызуды үйренген пән. Әр сабақ үнсіз, іш псытырарлық болатын, өйткені оқушылар күрделі геометриялық пішіндерді мұқият салатын. Бұл пәнді бәрі оңайлықпен үйрене алмайтын, оның үстіне көп уақытты қажет ететін.

Қазір «Сызу» пәні өзінің өзектілігін жоғалтты. Себебі бүгінде ешкім қолмен сурет салмайды, барлығын AutoCAD сияқты арнайы компьютерлік бағдарламалар жасайды.

КСРО-дағы әдемі жазу сабағы

КСРО тұсында балаларды жастайынан каллиграфия сабағында әдемі жазуға үйреткен. 1968 жылға дейін студенттер қалам және сиямен жазатын. Кейін шарикті қаламдар пайда болды. Дегенмен, шарикті қаламның ыңғайлылығына қарамастан кемшілігі де бар еді. Олар қағазда тым тез сырғып кете беретін де әдемі жазуға мүмкіндік бермейтін.  Ол кезде әдемі қолжазба адамның өте мақтанарлық қасиеті еді. Бірақ бүгінде балаларға әдемі жазуды үйретудің қажеттілігі жойылды. Себебі, қазір технология заманы. Адамдар қолына қалам сирек ұстайтын болды. Әдемі жазу үшін белгілі бір шрифтті таңдап, пернетақта басса жеткілікті.

КСРО-дағы логика сабақтары

Сызу және каллиграфия сабақтары кейбір оқушыларға әлі де таныс болуы мүмкін. Бірақ «Логика» деп аталатын пән туралы олардың абдырап қалуы сөзсіз. Ол орта ғасырларда, университеттік білім беру жүйесінде пайда болды. Бұл ғылым бастағы ақпаратты ретке келтіреді және әлемді түсінуге арналған деп есептелді.

Орыс гимназияларында Логика пәні ХІХ ғасырда пайда болды, бірақ кейін негізгі пәннен алынып тасталды. Адамдар бұл студенттерге ешқандай пайда әкелмейді деп есептеді. Осыдан кейін ол бірнеше рет мектеп бағдарламасынан еніп, қайта алынды. Соңғы рет 1940 жылдары енгізілді, бірақ кейін, 1959 жылы ол қайтадан мектеп бағдарламасынан алынды.

Т. Раушанұлы