Бірінші Дүниежүзілік соғыс сыйлаған өнертабыстар

Бірінші Дүниежүзілік соғыс сыйлаған өнертабыстар
Фото: Коллаж

Соғыста жеңген не жеңілген жақ болмайды. Өйткені, өлім екі жаққа да қатар келеді. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде 18 миллионнан астам қаза тапты. Бірақ сол бір қиын сәт жаңа идеялар мен технологияларға жол ашты. Бүгін 1914-1918 жылдар аралағында болған соғыс қандай өнертабыстардың бағын ашқанын баяндайтын боламыз.

Сыдырма түймелік
Сыдырма түймеліктің алғашқы нұсқасы 1851 жылы жасалғанмен, танымал бола қоймады. Араға 40 жыл салып инженер Уиткомб Лео Джадсон өнертабысқа патент алады. Оның түймесі арнайы құлыппен ашылатын, ал механизмі тез істен шығатын еді. Ал өндіріске тым көп қаражат керек болды.  

Сыдырма түймеліктің үш түрі. Фото: Woodbine9 / CC BY-SA 4.0

Америкалық  Гидеон Сундбэк сыдырма тістерінің көлемін кішірейтті. Бұндай түймені Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінле АҚШ әскері киім мен аяқкиімде қолданды. Соғыс аяқталғаннан кейін патентті Hermès сән үйі сатып алды. Біраз жылдар бойына сыдырма түймені тек ер адамдар ғана қолданды, ал әйел адамдар киімдерінде кездессе оны қоғам жеңілжүрістіге балаған. 

Қол сағаты
XVI ғасырда алғашқы қол сағатының иесі ағылшын патшайымы Елизавета I болған еді. Ал ер адам үшін браслеті бар сағат тағу абыройына нұқсан келтірумен тең еді. Араға үш ғасыр салып, кайзер Вильгельм неміс флотының офицерлеріне қол сағатын пайдалануды ұсынады.  

Алғашқы әскери нұсқасын Mappin and Webb зауыты шығарады. Оны ағылшын-бур соғысында қолданады. 

Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі сағаттар. Дереккөз: foxgreen10 / ebay

1916 жылы "Соғыс ғылымы фронттағы әр офицерде болуы керек зат" деген мақала жарыққа шығарды. Авторы, капитан Базиль Чарльз Лейк ыңғайлы әрі берік шынымен қапталған қол сағатын бірінші орынға қойған. 1917 жылы Ұлыбританияның әскери министрі бұндай сағаттарды да шені төмендерге де арнайы тапсырыспен алдыртты.  Сол арқылы әскери адам енді сағат қарау үшін уақытын үнемдей алатын болды. Сол уақыттары сағаттар H.Williamson, H. White және W. Ehrhardt атынан шықты.

Ерігіш кофе
Ерігіш дайын кофені ұсынғандар – жаңазеландиялық Дэвид Стренг пен жапон текті америкалық Сатори Като. Бірақ екеуі де өнімге танымалдылық сыйлай алмады.

Оның жаңа тарихы 1906 жылы басталады. Джордж Констант Луис Вашингтон кофе өндірудің жаңа технологиясын ойлап тауып,  1910-жылы АҚШ-та Red E Coffee брендінің негізін қалады.

Джордж Констант Вашингтон және The New York Times басылымындағы кофе жарнамасы, 23 ақпан 1914 жыл. Дереккөз: Hamlet People Database / Wikipedia

Вашингтонның баюына Бірінші Дүниежүзілік соғыс көмектесті. Ол Канада және АҚШ әскерінен тапсырыс қабылдай бастады. 1917 жылы америкалық әскерге бүкіл АҚШ азаматтарына сатқан кофеден 6 есе көп сатқан.

АҚШ әскери министрлігінде кофе департаменті ашылып, оның басшысы сусын солдаттарға тез сауығуға көмектеседі деген тұжырымға келген болатын. 

Шай қалташалары
1904 жылдан бастап америкалық кәсіпкер Томас Салливан өз клиенттеріне шайдың түрін үлгі ретінде жібек қаптармен жіберетін болған. Оның ішінде бір порция шайға керек өсімдік жапырақтары мен дәмдеуіштер болған. 

Lipton шай қалташалары,  1920-1951 жылдары. Дереккөз: Unilever / time.com

Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде неміс команисы Teekanne бұл идеяны пайдаланып, фронтқа жеткізу үшін көп мөлшерде қалташалар дайындай бастады. Әскерилер оны "шай бомбасы" деп атаған. Еритін кофемен бір шай қалташасы дайындауға қолайлы болғандықтан, бірден танымал болды. 

Вегетариандық шұжықтар
Вегетариандық шұжықтар жануарларды қорғау мақсатында пайда болмады. 1915 жылы немістер консерв дайындау үшін және картофельді сақтап қалу үшін бес миллион шошқаны өлтірген. Оны тарихта "Швайнеморд" деп атайды. 1916 году картоп дұрыс өспеді, 1917 жылдың қысыда Рейхтегі ең танымал тағам тарна болды.  

Вегетариандық шұжық. Фото: Stiftung Bundeskanzler-Adenauer-Haus / Odehnal

750 мың адам аштықтан өлді. Сол себепті Кельна Конрад Аденауэр соя, ұн, жүгері, арпа мен күрістен тұратын шұжық өндіруге тапсырыс берді. Аденауэр бұл өнертабыс үшін патент ала алмады, есесіне 1918 жылы маусымда, соғыс кезінде қарсыласы Ұлыбритания патенттеп үлгерді.  

Гигиеналық төсемелер
Әйел адамның өмірін жеңілдеткен гигиеналық төсемелер 100 жыл бұрын пайда болды. Етеккір кезіндегі мазасыздақтан құтылуға септігін тигізген француз медбикелері еді. Олар целлюлаза бинттерді қолдана бастады, ал идея болса жылдам тарады. 

Kotex төсемелерінің 1920 жылғы басылымдағы жарнамасы. Дереккөз: Wikipedia

1920 жылдардан бастап дүкен сөрелерінде Kotex брендінің мақта мен матадан жасалған төсемелері пайда болды. Олар қымбат тұратын. 1927 году Johnson & Johnson компаниясы  Modess төсемелерін ұсынды. Одан ары қарай өндіріс аясы артып, нарыққа жаңа компнаиялар қосыла бастады. Осылайша өнім қолжетімді бола түсті. 

Т. Есқали