АҚШ-тағы аукционда Гитлердің қол сағаты сатылды

АҚШ-тағы аукционда Гитлердің қол сағаты сатылды
Фото: watchpro

Бір кездері Адольф Гитлерге тиесілі қол сағаты 28 шілде, бейсенбі күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Alexander Historical Auctions аукционында 1,1 миллион доллардан (1,08 миллион еуро) астам бағаға сатылды. Бұйымның алтын қаптамасында бүркіт, свастика және неміс фашистерінің бас әріптері қашалған. Сағат бастапқы бағасынан әлдеқайда төменге сатылды. Аксессуардың бағасы 2 миллионнан 4 миллион долларға дейін жетеді деп болжанған.

Гитлердің қашан қайтыс болғаны анықталды

Аукционда нацистік дәуірдің тағы бірнеше артефактілері де сатылды. Атап айтқанда, Alexander Historical Auctions аукцион үйінің сайтында Берлиндегі Рейх канцлериясында орналасқан император қыраны үшін 200 мың доллар төленгені хабарланды. Гитлер 1938 жылы Германияның Чехословакиямен шекаралас аудандарын фашистік Германияға қосу туралы Мюнхен келісіміне қол қойды делінетін қола әшекей (папка, портфель түрі) 290 мың долларға сатып алынды.

Аукцион үйінің мәліметінше, алтын сағатты Гитлерге 1933 жылы ҰСНЖП (Ұлттық социалистік неміс жұмысшы партиясы) мүшелері сыйлаған.

Аукцион басталмай жатып-ақ аукционды ұйымдастырушылар қатаң сынға ұшырады. Еуропалық еврей ұйымдарының қауымдастығы (EJA) тіпті аукционды тоқтатуға шақырды.

"Мұндай нәрселерді сату жиіркенішті. Нацизм мұрасы қажет болған жағдайда мұражайларда өз орны бар, бірақ аукционда емес. Геноцид ұйымдастырушысы Гитлерге тиесілі заттарды сату нацистік дәуірдің сұмдығынан сабақ алуға көмектеспейді", - деді EJA төрағасы Менахем Марголин аукционды ұйымдастырушыларға жолдаған ашық хатында.

Хатқа Еуропа мен Израильден келген еврей ұйымдарының 30-дан астам өкілі, соның ішінде Берлиндегі неміс-израиль қоғамы қол қойған.

2017 жылы Alexander Historical Auctions соғыс аяқталғаннан кейін Берлиндегі фюрер бункерінен табылған Гитлердің қызыл телефонын 243 мың долларға аукционға қойған, бұл да дау тудырған болатын.

Т. Раушанұлы