Атлант мұхиты түбінен жұмбақ із табылды

Атлант мұхиты түбінен жұмбақ із табылды
Фото: NOAA

Америкалық океанологтар Атлант мұхитының түбінен жұмбақ із тапты. Ол қатар қойылған тесікке ұқсайды. Бұл туралы Russian TRAVELER жазды.

Жұмбақ із суреттерін АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) жариялады. Ғалымдар қолданушылардан олардың шығу тегі туралы нұсқаларын ұсынуды сұрады.

"Біз "тесіктердің" осындай бірнеше ішкі сызықтық тізбегін байқадық. Олар бұрын анықталған, бірақ шығу тегі жұмбақ күйінде қалып отыр", - делінген NOAA баспасөз хабарламасында.

Атлант мұхиты түбінен табылған із © NOAA

Кейбір адамдар тесікті "Боббит құрты" деп те аталатын күлгін австралиялық құрт жасаған деп болжайды. Дегенмен, бұл тіршілік иесі әдетте тропикалық суларда 10-нан 40 метрге дейінгі тереңдікте өмір сүреді, ал 2700 метр тереңдікте олар өмір сүрмейді.

Алайда, Халл университетінің профессоры Майк Эллиоттың айтуынша, ол мұндай тесік жасай алатын теңіз жануарларының бар-жоғын білмейді.

NOAA зерттеушілері тесіктердің қалай жасалғанын анықтай алмайтынын атап өтті.

Т. Раушанұлы