Сіз білмейтін 5 улы өсімдік

Сіз білмейтін 5 улы өсімдік
Фото: botanichka

Жаз айы, әсіресе шілде-тамызда көптеген өсімдіктер пісетін уақыт. Олардың ішінде адам өміріне қауіп төндіретін улы өсімдіктер де бар. Солардың бірнешеуін ұсынуды жөн көрдік.

Улы сарғалдақ

Ғылымдағы атауы – Ranunculus acris деп аталады. Өсімдік ылғалды және тығыз топырақты жақсы көретін арамшөп. Бұл қауіпті, себебі оның құрамында протоанемонин бар. Егер бұл ұшпа зат көздің немесе ішкі ағзаның шырышты қабаттарына түссе, бірден тітіркенуді тудырады.

Улы сарғалдақ әлі гүлденбеген кезде, оны ақжелкен мен жас балдыркөкпен шатастыру оңай. Улы өсімдікті тамырынан тануға болады. Оның тамыры өте тармақталған болады, ал,  ақжелкенде тамыр сабаққа ұқсайды.

Сарғалақтың улы шырыны теріні елеулі тітіркендіреді. Теріге тиген жері қышып, күлдірейді. Ал ауыз қуысы мен мұрынға түскен тозаңы жөтел мен жұтқыншақтың түйнеуін туырады.

Міне, сол себепті сарғалақтың шоғын жинап, оны иіскеуден аулақ болыңыз.

Қарғакөз

Қарғакөз (лат. Paris) – Melanthiaceae тұқымдасына жататын жататын көпжылдық, өсімдік. Сабағы тік, ұзыны 15-30 см. Жапырағында үш ашық сызығы бар. Гүлсидамында жалғыз жасыл-сары гүлі бар. Аталығы тозаңқаптан қысқа. Жемісі қара. Қараағаш мекенінде тараған. Дымқыл жерлерде өседі. Тұқымынан көбейеді. Тамызда гүлдейді.

Оны көкжидекпен шатастыру оңай. Сондықтан балаларға ерекше сақ болу керек. Улы өсімдікті төрт үлкен жапырақтың болуы арқылы оңай тануға болады. Ал көкжидек бұталарда өседі, жапырақтары көп, кішкентай болады.

Әрбір қарғакөздің құрамында аз мөлшерде болса да жүректің жұмысын бұзатын және орталық жүйке жүйесінің функцияларын төмендететін тіпті өлімге әкелетін у бар.

Қызыл ақжелкен

Қызыл ақжелкен (Sambucus racemosa) кейбір жағдайларда сәнді өсімдік ретінде өсіріледі. Бұл ақжелкен өте улы және жұтып қойған жағдайда ауыр тағамдық улануды тудырады. Ол жүрек айнуы, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, шамадан тыс сілекей және басқа да ауыр белгілермен бірге жүреді.

Қызыл бұта жидектері тау гүліне өте ұқсас. Улы жидектерді үлкен өлшемдері, үшкір ұшы және жағымсыз иісі арқылы тануға болады.

Маралқурай

Маралқурай – улы өсімдік. Көбіне оны халық медицинасында қолданатындықтан тамырын жинайды. Кейбір жағдайда сақытық шараларын сақтамай адамдар уланып қалып жатады.

Улану белгілері: 

• сілекей ағады;

• түшкіреді;

• аузының іші ашып, тамағын, жұтқыншағын бір нәрсе тырнаған сияқты болады;

• құсады;

• іші өтеді;

• көзінің көруі нашарлап, дем алысы, жүрегінің соғысы сирейді, басы ауырады;

• денедегі бұлшық еттер тырысып, адамның талықсып кетуі мүмкін.

Уланудың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ дәрігерге хабарлау керек. Маралқурайды дәрігердің бақылауынсыз пайдалану – адамның улануына әкеліп соғады.

Апиын көкнәрі

Апиын көкнәрі (лат. Papaver argemone – көкнәрлар тұқымдасына жататын біржылдық шөптектес өсімдік. Қазақстанда көкнәр туысының 11 түрі өседі, оның көбі жабайы, ал апиын көкнәрі мәдени түрі. Маусымда гүлдейді, гүлдері ірі, жеке-жеке орналасады, гүлшоғыр құрамайды. Өсімдіктің барлық мүшесі улы. Медицинада дәрі ретінде қолданылады. Мөлшерін білмесе адамды улайды. Оны кейде "ұйқы құдайы" деп те атайды.

Т. Раушанұлы