TikTok-та Солтүстік Корея өмірін көрсететін блог пайда болды

TikTok-та Солтүстік Корея өмірін көрсететін блог пайда болды
Фото: vokrugsveta

TikTok-та Солтүстік Кореядағы адамдардың күнделікті өмірін көрсететін блог пайда болды. Блогтағы қысқа бейнероликтерден түнгі қала көріністерін, елдің көрікті жерлерін, заманауи сәулет ескерткіштерін, студенттердің өмір салтын, жұмысқа бір портфельді арқалап бара жатқан қызметкерлерді, көшедегі қарапайым адамдарды көруге болады. Видеолардың бірінде әйел полицейдің өтіп бара жатқан ер адамды тоқтатып, құжаттарын тексеріп жатқаны байқалады.

Бейнежазбаларда көрсетілген адамдардың көпшілігі кеуделерінде КХДР мемлекеттік туы мен ел басшысының суреті бейнеленген төсбелгілер таққан, көшелерде көлік аз, бірақ заманауи көліктер де жүріп жатыр. Кейбір бейнелерде ерлер мен әйелдердің велосипед тепкенін көруге болады.

@cctv6688 #North Korea #ເກົາຫຼີເຫນືອ#Korea Utara#Nordkorea#کره شمالی#កូរ៉េខាងជើង#Corea del nord#North Korea#Corea del Norte#Corée du Nord#كوريا الشمالية#Северная Корея#Nord Korea#เกาหลีเหนือ#Bắc Triều Tiên#Korea Utara#북한#北朝鮮#उत्तर क ♬ 原聲 - share travel

Блогта басқаларға қарағанда мектеп және студенттік өмір туралы бейнелер көбірек. Бұдан оны мектеп оқушысы немесе мұғалім деп болжауға болады. ТикТок қолданушылары блог авторына "Видео түсіріп, интернетке таратқаның үшін жазаланамын деп қорықпайсың ба?" деп сұрайды. Кейбіреулер бұл блог тек рұқсат етілген суреттерді көрсетіп, елді насихаттау мақсатында үкіметтің рұқсатымен ашылып, сол арқылы елдегі жағдай әлемдік қауымдастық ойлағандай жаман емес деген пікір тудыруды көздейді деп жорамалдайды.

@cctv6688 #North Korea #ເກົາຫຼີເຫນືອ#Korea Utara#Nordkorea#کره شمالی#កូរ៉េខាងជើង#Corea del nord#North Korea#Corea del Norte#Corée du Nord#كوريا الشمالية#Северная Корея#Nord Korea#เกาหลีเหนือ#Bắc Triều Tiên#Korea Utara#북한#北朝鮮#उत्तर क ♬ 原聲 - share travel

Көптеген қолданушылар блог авторынан "сыртқы әлем мен интернеттен ажыратылған Солтүстік Кореяда болған кезде бұл бейнелерді TikTok-қа қалай орналастыратынын" сұрайды. Алайда бұл сұрақтар жауапсыз. Соған қарамастан, белгісіз тиктокердің видеолары жүздеген мың рет қаралып, жазылушылар саны күннен-күнге артып келе жатқандай. Кейбір бейнелер қазірдің өзінде миллионнан астам қаралған. Негізгі профильдегі фотода қыздың суреті болғанымен, ол видеоларда көрінбейді.

@cctv6688 #North Korea #ເກົາຫຼີເຫນືອ#Korea Utara#Nordkorea#کره شمالی#កូរ៉េខាងជើង#Corea del nord#North Korea#Corea del Norte#Corée du Nord#كوريا الشمالية#Северная Корея#Nord Korea#เกาหลีเหนือ#Bắc Triều Tiên#Korea Utara#북한#北朝鮮#उत्तर क ♬ 原聲 - share travel

Естеріңізге сала кетейік, КХДР халқы сыртқы интернет байланысынан ажыратылған, ал "Кванмен" деп аталатын ішкі желіні саясаткерлердің, партия қайраткерлерінің, халықаралық миссиялардың және кейбір университеттердің тар шеңбері ғана пайдаланады.

Т. Раушанұлы