АҚШ-та аспан жасыл түске боялды (видео)
Фото: jkarmill / Twitter

АҚШ-та аспан жасыл түске боялды (видео)

6 шілдеде АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатындағы Сиу-Фоллс қаласында сирек кездесетін табиғи құбылыс орын алды. Штаттың кей жерлерінде сағатына 140 шақырым жылдамдықпен соққан желден кейін аспан жасыл түске боялды.

Метеоролог Питер Роджерстің айтуынша, кейде дауыл кезінде немесе оның алдында күн сәулесінің атмосфераға таралуына байланысты аспан ерекше түске ие болады. Себебі дауыл кезінде пайда болатын үлкен су тамшылары жасыл және көк түстерді өткізеді. Нәтижесінде күннің сары сәулесінде тамшылар жасыл түске ие болады.

Роджер жасыл аспан ірі көлемді бұршақ жауатынынан дерек береді дейді. Сол күні көршілес Миннесота штатындағы Уилсон көлінде бейсбол добы көлеміндей бұршақ жауды.

Т. Раушанұлы