Еш мемлекеттің меншігіне жатпайтын 5 жер

Еш мемлекеттің меншігіне жатпайтын 5 жер

Ешкімге тиесілі емес аумақтар – бұл ешбір мемлекеттің меншігіндегі емес жерлер. Мұндай жерлерді ертеректе terra nullius деп атаған. Тerra nullius – рим құқығынан шыққан латын тілінен аударғанда "даулы жер" деп аталады. Термин халықаралық құқықта, егер аумақ ешбір мемлекеттің меншігінде болмаса немесе мемлекет осы аумақтан бас тартқан болса қолданылады.

Бұл термин XVIII ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейін еуропалық отарлауда үлкен рөл атқарды, өйткені terra nullius аз халқы бар немесе ешбір державаға жатпайтын аборигендер қоныстанған жер деп жарияланды. Бұл оны кез келген еуропалық державаның жаулап алып, отарлауына болатынын білдірді.

zen.yandex жазған әлемдегі еш мемлекеттің меншігіне жатпайтын 5 жерді ұсынамыз.

© wikiwand.com

Бир-Тавиль

Бир-Тавиль – ауданы 2060 шаршы шақырым жер ешкімнің меншігінде емес. Ол Судан мен Египет шекарасында орналасқан. Бір таңқаларлығы, екі ел де Бир-Тавильды өзінікі деуден үзілді-кесілді бас тартып, бір-біріне сенің жерің деумен келеді.

Бұл аймақ ХІХ ғасырда Африканың екі елін де отарлаған британдық саясаттың кесірінен осындай қиын жағдайға тап болды. 1898 жылға қарай британдықтар Египет пен Судан арасындағы шекараны 22-ші параллель бойымен кесіті. Алайда 1902 жылға қарай Ұлыбритания біржақты тәртіппен жерді Мысырға және тағы бір аймақ – Халейба үшбұрышын Суданға беруге шешім қабылдады. Мысырлықтар бұл шешімге қатты наразылық танытты.  Өйткені бір кездері оларға тиесілі үшбұрыш мұнайға бай және құнарлы жер болатын. Ал Бир-Тавиль құрғақ шөл дала.

1995 жылы ұзаққа созылған шекаралық қақтығыстардан кейін Мысыр Халайбаны қайтарып алып, Бир-Тавильды Суданға берді. Бірақ бұл аймақ ешкімге қажетсіз болып шықты, ал қазір онда өмір сүру қауіпті және адам тұрмайды.

© skyportal

Горня Сига

Сербия мен Хорватия шекарасында орналасқан, ну орманды жер небәрі 7 шаршы шақырымды алып жатыр. Югославия мемлекеті ыдырағаннан кейін аймақ иесіз қалды, ал жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы шекара дауы содан бері толастаған жоқ.

2015 жылы чех белсендісі Вит Едличка сол жерде виртуалды мемлекет құрып, әртүрлі елдерден келген 30-дан астам адамға азаматтық берген. Соған қарамастан, Хорватия мен Серб шекарашылары ешкімді ішке кіргізбей, аймақ бос күйінде қалып отыр.

© wikipedia

Антарктидағы Мэри Бэрд жері

1959 жылғы конвенция бойынша Антарктида ешбір мемлекет меншігіне жатпайды. Онда тек ғылыми қызметке рұқсат етілді. Бірақ көптеген мемлекеттер оған дейін Антарктиданы бөліп алуға тырысты.  

1951 жылы Жапония аумақты иелену құқығынан бас тартқаннан кейін бұл жер жалғыз даулы аумаққа айналды. 1959 жылға дейін АҚШ жерді өз меншігіне алуға тырысқан.

Қазір Мэри Берд Ленд аумағындағы танымал екі станция бар. Олардың бірі –  ресейлік "Русская" болса, екіншісі америкалық "Бэрд" станциясы.

Екі тарап та болашақта секторды иелену үшін күресуге дайын екендіктерін алға тартады.

© psrasd.info

Батыс Сахара

Африканың солтүстік-батысындағы 26 800 шаршы шақырым аумақты Жаңа Зеландия, Италия немесе Ұлыбританиямен салыстыруға болады. Ауданның 96 пайызы сусыз аймақ болғанымен, Батыс Сахара мұнайға, темірге, фосфорға бай, сондықтан бұл жерді иемдену үшін көршілес елдер арасында күрес жүруде.

Марокко мен өзін-өзі жариялаған Сахара Араб Демократиялық Республикасы елдері бұл аумақты өз меншігіне алуға тырысып жатыр.

Скарборо бұғазы

Оңтүстік Қытай теңізіндегі 150 шаршы шақырым аумақты алып жатқан екі арал мұнай мен газға бай. Сондықтан бұл жерге Қытай, Вьетнам, Филиппин, Малайзия, Бруней және Тайвань таласады. Аралда  адам тұрмайды.

Ресми түрде Скарборо ешкімге тиесілі емес. Дегенмен, Қытай мықты бәсекелес ретінде бұғазды іс жүзінде өзі меншіктеп алмақшы. Әскери кемелер аумақты күзетіп, бөгде адамдарды жібермейді. Қытай халықаралық сот шешімдері мен көршілерінің наразылықтарын елемей, оны ХІІІ ғасырда қытай теңізшілері ашқанын алға тартып отыр.

Т. Раушанұлы