2030 жылға қарай су астында қалатын қалалар

2030 жылға қарай су астында қалатын қалалар
Фото: mirkosmosa

2021 жылдың соңында India Times Climate Central зерттеушілері 2030 жылға қарай су астында қалатын әлемдегі 6 ірі қаланың тізімін жасады.

Ғалымдар жаһандық жылынудың салдарын азайту үшін температураны Цельсий бойынша бір жарым-екі градустан асырмау қажеттігін айтып келеді.

Мақсатқа жету үшін 2015 жылы 190-нан астам мемлекет осы іс-қимыл жоспарын талап ететін Париж келісіміне қол қойды. Құжатта қазба отындарынан толық бас тарту талап етілмейді, бірақ мемлекеттер климаттың өзгеруіне бейімделіп, қоқысты азайтып, жаңа энергия көздеріне көшу шараларын қабылдауы керек.

© about-planet

Калькутта, Үндістан

1690 жылы негізі қаланған Калькутта су астында қалуы мүмкін. Бұл үнді қаласы Ганг өзенінің жағасында теңіз деңгейінен бір жарым метрден тоғыз метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі батпақты аймақта орналасқан, ғалымдар сол жерде адамдардың қоныстануы үшін батпақты құрғатуға мәжбүр болған. Қалған кептірілмеген батпақ 12,5 мың гектар аумақты алып жатыр.

© tripplanet

Хошимин, Вьетнам

Ресми түрде 9 миллионға жуық адам тұратын Хошимин қаласы Алматыдан 9-10 есе дерлік үлкен. Себебі, қалаға өз аумағынан басқа 16 қала және оңтүстікте жағалауға дейін созылған мәңгі жасыл ормандары бар 5 ірі ауыл кіреді. Сайгон өзені Хашиминнің батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Қаланың шығыс бөлігінде, Меконг өзені бар. Ол жерде су деңгейінің көтерілуіне және жиі боран мен су тасқынына байланысты өмір сүру қауіпті.

© kidpassage

Венеция, Италия

Адриатика теңізіндегі аралда орналасқан және 378 көпір арқылы жалғасқан Венеция үшін су тасқыны жаңалық емес. Қаланы жыл сайын су басады және ол жылына екі миллиметр су астына батып барады.

© vesti

Жаңа Орлеан, АҚШ

Климаттың өзгеруі дамыған аймақтарға да, дамушы аймақтарға да әсер етеді. Американың Жаңа Орлеанында су тасқынынан қорғау жүйесі бар, бірақ жергілікті үкімет келесі онжылдықта қаланы судан қорғау үшін әлі де көп еңбектенуі керек.

© wikipedia

Басра, Ирак

Келесі тізімде 1 327 000 халқы бар Ирактың Басра порты тұр. Ол 636 жылы қаланған және Парсы шығанағына құятын Шатт әл-Араб өзенінің батпақты аймағында орналасқан. Сондықтан келесі онжылдықтың соңына қарай ол жартылай немесе толығымен су астында қалуы мүмкін.

© planetofhotels

Амстердам, Нидерланды

Амстердам Нидерландының солтүстік-батыс бөлігінде, Амстель және Эй өзендерінің жағасында орналасқан. Қаланың атауы "Амстель" және "дам" сөздерінен шыққан және ол "Амстель өзеніндегі бөгет" дегенді білдіреді.

Қала туристерді сәулетімен, көпірлерімен және түнгі өмірімен қызықтырады. Нидерландықтар су тасқынынан қорғау ғылымын меңгергенімен, алдағы уақытта теңіз деңгейі 10 метрге көтерілсе, қала су астында қалады.

Т. Раушанұлы