КСРО жасырған апат: Байқоңырдағы жарылыс 30 жыл құпия сақталды

КСРО жасырған апат: Байқоңырдағы жарылыс 30 жыл құпия сақталды

Жаңа Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыраны 1960 жылы 24 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағында алғашқы сынаққа дайындық кезінде жарылған. Шетелде бұл апат "Неделин апаты" деп аталды. Ал, КСРО-да 30 жыл бойы аталмыш апат халықтан құпия сақталды. Бүгін біз "КСРО жасырған апат" айдары бойынша бұл қайғылы оқиғаны егжей-тегжейлі жазамыз.

КСРО жасырған апат: Гагаринге дейін ғарышқа кім ұшты?

Оқиға қалай басталды?

Дәстүр бойынша Кеңес Одағы басшылығына жыл сайын Қазан төңкерісінің мерейтойында өндірістегі тағы бір үлкен жетістігімен мақтананатын.

Өршіп келе жатқан қырғи-қабақ соғыс жағдайында бұл дәстүрдің маңыздылығы артады. Нәтижесінде әлем жұртшылығын таң қалдыру мақсатында аяқталмаған құрлықаралық баллистикалық зымыранның алғашқы сынағы ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда әскерилер өздеріне қауіп төндіре отырып, мың бір қорқынышпен толық бітпеген зымыранды полигонға апарады.

Бұл істі Хрущев пен Брежнев жеке бақылайды. Р-16 жобасына сол полигонда жеке басшылық еткен Стратегиялық зымыран күштерінің бас қолбасшысы Митрофан Неделинге революция күніне дейін зымыранды ұшыру туралы нақты тапсырма беріледі.

КСРО жасырған апат: көпқабатты үйге соғылған ұшақ

Мерейтойға асығу қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуға әкеледі. Сынақ басталғанға дейін жарты сағат бұрын қозғалтқыштардың бірі автоматты түрде іске қосылады. Күшті діріл әсерінен жанармай цистерналары құлап, зымыран отыны жанады. Көп ұзамай өте күшті жарылыс болып, бірнеше жүз метрдегі барлық нәрсе жанып кетеді.

Ресми мәлімет бойынша, жарылыстан 74 адам қаза тауып, тағы 4 адам жараланған. Басқа мәліметтерде қаза тапқандар саны 92-ден 126-ға жеткен. Құрбандардың арасында артиллерия бастығы маршал Митрофан Неделин де бар.

КСРО жасырған апат: "Лужники" стадионындағы қайғылы оқиға

Әдеттегідей, бұл қайғылы оқиғаның егжей-тегжейі қатаң құпияда сақталды. Бірақ стратегиялық зымыран күштерінің бас қолбасшысының өлімін жұртшылыққа бірдеңе деп түсіндіруге тура келеді. Байқоңырдағы қайғылы оқиғаны айта алмағандықтан, олар Неделин ұшақ апатының құрбаны болды деген мифті ойлап табады. Оны Кремль қабырғасының жанына құрметпен жерлейді. Қайғылы оқиғаның өзге құрбандары түрлі қалалардағы зираттарға және Байқоңырдағы жалпы бейітке жасырын түрде көміледі. Рас, кейбір мәліметтер шетелдік баспасөзде тарады, бірақ КСРО үкіметі қайғылы оқиғаның шынымен болғанын 30 жылдан кейін 1989 жылы мойындады.

Т. Раушанұлы