Бір компанияда 84 жыл жұмыс істеген қызметкер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бір компанияда 84 жыл жұмыс істеген қызметкер Гиннестің рекордтар кітабына енді
Фото: guinnessworldrecords.com

Адам бір жерде қанша жыл жұмыс істей алады? 10 немесе 20 жыл? Уолтер Ортман бір компанияда 84 жыл 6 күн үздіксіз жұмыс істегені үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы guinnessworldrecords.com хабарлады.

1938 жылы 17 қаңтарда Уолтер Ортман Бразилияның Санта-Катарина қаласындағы тоқыма өнеркәсібіне

1938 жылы 17 қаңтарда Уолтер Ортман 15 жасында Бразилиядағы Санта-Катарина қаласында,  Industrias Renaux S.A. (қазір ReneauxView ретінде белгілі) тоқыма компаниясында жүк тасымалдаушының көмекшісі болып жұмыс істей бастады.

Ол Бразилияның немістер тұратын Брюс қаласында дүниеге келген. Уолтер мектепті, оқуды жақсы көрді, бірақ отбасының қаржылық жағдайына байланысты жұмысты ерте бастауға тура келді. Неміс тілін де жақсы білгендіктен 15 жасында қазіргі тоқыма компаниясына жұмысқа орналасты. Жеткізу бөлімінде жұмыс істей бастағаннан кейін ол өзінің ынта-жігері мен қабілетін көрсетіп, сату бөліміне ауысып, табысты сату менеджері ретінде жұмыс істей бастады.

2022 жылы 19 сәуірде Уолтер Ортман 100 жасқа толды. Ол өзінің ғасырлық мерейтойын әріптестерінің, достарының және отбасының ортасында ұмытылмас кешпен атап өтті

Оның есте сақтау қабілеті әлі де жақсы, денсаулығы қалыпты. Сондықтан ол әлі де уақытын өзінің сүйікті орны – кеңсесінде өткізуден жалықпайды. Ол Гиннестің рекордтар кітабына бір жерде ең ұзақ еңбек еткен қызметкер ретінде енді. Бірақ ол мұны күтпеді және алдын ала жоспарламаған.

"Біз өзімізге ұнайтын нәрсені жасасақ, уақыттың қалай өтіп жатқанын көрмейміз. Мен болашаққа аса мән бермеймін. Біз болашақты немесе өткенді емес, бүгінді көбірек ойлауымыз керек", - дейді ол.

Ол кәсіби кеңес ретінде жақсы компанияда және мотивацияны сезінетін салада жұмыс істеуге тырысу керек екенін айтады.

Т. Раушанұлы