Тек қана "Мәскеу" емес: суға батқан әскери кемелер

Тек қана "Мәскеу" емес: суға батқан әскери кемелер

Ресейдің Қара теңіз флотының тірегі саналатын "Мәскеу" крейсері украин зымыранымен атылған соң, суға батып кетті. Кремль кеменің суға батып кеткенін ресми түрде мәлімдеді. Осылайша құны 750 миллион доллар болатын крейсер мыңдаған су астындағы кемелердің біріне айналды.

Алдымен әскери кемелердің түрлеріне анықтама беріп өтсек. Әскери кемелердің негізгі бірнеше түрі болады. Олардың атқаратын қызметі әр түрлі.

Эсминец – эскадрилья мина тасымалдаушысы. Оның негізгі қызметтері суасты қайықтары мен кемелерге соққы беру, әуе шабуылынан қорғау, десанттарды тасымалдау, жағалаудағы нысандарға соққы беру, миналар орнату. Функциялары бойынша ең әмбебап кеме;

Крейсер – қуатты маневрлік қасиетке ие. Жылдам қозғалып, түрлі бағытқа бұрыла алатын мүмкіндігіне байланысты аталған. Бүгінгі крейсерлер бортында бірқатар жауынгерлік миссияларды, сондай-ақ тікұшақтарды алып жүреді;

Авианосец  – әскери ұшақтар ұшып, қонатын толыққанды аэродром-кеме, аса қуатты мемлекеттердің әскери әлеуетінің символы, бірегей қалқымалы қала;

Фрегат – өте көне желкенді кемелердің буыны. Крейсерлер мен эсминецтер арасындағы категория. Бүгінде бұл қуаттылығы 4000 тоннаға дейін және жылдамдығы 55 км/сағ асатын қарулы кеме.

Жалпы, Жер шарындағы теңіздер мен мұхиттардың астында жатқан кемелердің нақты санын ешкім білмейді. Тек, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ғана 6000-нан астам әскери және жүк кемелері суға батқан. Солардың бірнешеуінің тізіп шықтық.

Оқулықтарға енгізілген "Варяг"

Ұзындығы 130 метрлік әскери кеме 1898 жылы Филадельфияда жасалып, 1901 жылы Ресей Әскери-теңіз күштерінің қатарына алынған. Варягтың нағыз шайқастары орыс-жапон соғысында өтіп, оның матростары оқулықтарға батырлар ретінде енгізілген. 1904 жылы жапон эскадрильясы Тынық мұхитында "Варяг" крейсерін және "Кореец" кемесін қоршап алды. Орыс тарихшылары екі орыс кемесі жапонның 14 әскери кемесімен соғысып, жеңіліске ұшырамас үшін орыстар Варягты суға батырып, "Кореецті" жарып жібергенін айтады.

Бір жылдан кейін жапондар Варягты су астынан алып шығып, оны қайта конфигурациялап, "Соя" деген атпен өз флотына қосты. 1916 жылы Ресей империясы Варягты сатып алды. Бірақ бұл крейсердің тағдырына бәрібір суға бату жазылған екен. Ол 1925 жылы Шотландия жағалауында дауылдан теңіз түбіне кетті.

"Декабрист" пароходы

Бұл кеме 1902 жылы Англияда жасалған және 1904 жылы Ресей империясы сатып алған. Жапондармен де соғысқа қатысқан. Кейінірек КСРО Әскери-теңіз күштерінің құрамында болған "Декабрист" әскери кеме ретінде қолданыла бастады. Оның сыйымдылығы 8000 тонна жүк, жылдамдығы сағатына 22 км болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыстың қызып тұрған шағында, 1942 жылы декабристер Исландиядан Мурманскіге оқ-дәрілер мен басқа да керек-жарақтарды тасымалдап келе жатқанда Баренц теңізінде немістердің шабуылына ұшырады. Экипаждың үшеуі ғана аман қалып, тұтқынға түседі.

Әдейі суға батырылған флот

1918 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Германия Антантамен бітімге келді. Серіктестік келісімі бойынша 66 түрлі әскери кеме ағылшындарға берілуі керек еді. Немістер мұны нағыз капитуляция деп қабылдайды. Бастапқыда бұйрықтарға бағынған кемелер Ұлыбританияға қарай бет алды. Бірақ неміс теңізшілеріне кемеден түсуге, мереке тойлауға, көңіл көтеруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ кемелерді басқарудың толығымен ағылшындарға өтуі неміс теңізшілерінің психикасына қатты әсер етті.

Содан кейін флот жетекшісі, контр-адмирал Людвиг фон Ройтер керемет шешім қабылдайды. Берлиннің кемелерді тапсыру және тапсыру туралы қатаң бұйрығына қарамастан, 1919 жылы 21 маусымда ол бүкіл флотты суға батырды. Адмирал фон Ройтердің бұл әрекеті өте қауіпті болғанымен, өз елінде оны батыр ретінде қабылдайды, тіпті оның жауы саналатын ағылшындар да ол туралы құрметпен айтады.

Тек "Мәскеу" емес "Ташкент" те бар

1941-42 жылдары Қырым түбінде ауыр шайқастар болып, оған Өзбекстан астанасы атына қойылған "Ташкент" әскери кемесі қатысқан. Оның басқа кемелерден көптеген айырмашылықтары бар еді: ол 80 км/сағ жылдамдыққа жете алатын. Ең бастысы, экипаж ерлігімен көзге түсті.

Италиямен бірлесіп жасалған бұл кеме Еділ өзенінде ұзақ жүзіп, соғыс басталысымен майданға тартылады. Кеме 1939 жылы жабдықталып, командир Василий Ерошенконың басшылығымен Қара теңіз флотында қызметке кіріскен.

Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың нағыз шайқастарын Одесса маңындағы қалаға шабуыл жасаған неміс-румын әскерлеріне соққы беру арқылы бастайды. Бірқатар шайқастармен бірге "Ташкент" көлік кемелерін қадағалау міндетін де атқарады. 1941 жылы 30 тамызда "Ташкент" жаудың үш ұшағымен бомбаланды. Бомба оған тікелей тимеген кеме, қайда жөндеуден өтіп соғысқа жіберіледі.

1942 жылы 2 шілдеде Новороссийскідегі кезекті шайқаста оның бортына тікелей екі бомба түседі. 76 теңізші қаза тауып, 77-сі ауыр жарақат алады. Кеме бірден суға батады.

Суға батқан “Indianapolis” және 883 адам

АҚШ-тың ауыр крейсері өз дәуірінің нағыз флагмандарының бірі болды. Бірақ соған қарамастан, 1945 жылы 30 шілдеде жапон шабуылының нәтижесінде ол да суға батып кетті. Салдарынан 883 адам қаза табады. Индианаполистің суға батуы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің тарихындағы ең үлкен шығын ретінде тіркелді.

Ол кезде Индианаполистің міндеті өте ерекше болатын. Ол Тиниан аралындағы әскери базаға Жапаонияны бомбалайтын АҚШ атом бомбасының маңызды бөліктерін апарып келе жатқан болатын. Жапондар оның миссиясынан хабардар болды ма, белгісіз. Бірақ Жапония империясы флотының I-58 сүңгуір қайығымен кемін 12 минутта суға батырып жібереді. Борттағы 1197 адамның 300-ге жуығы крейсермен бірге суға батып кетеді, ал 880-ге жуығы ашық мұхит үстіндегі құтқару қайықтарында тамақ пен сусыз қалады. 4 күн ашық теңізде сандалған әскеридер галлюцинация салдарынан көпшілігі есінен танып қалады. Ең сорақысы акуланың шабуылы болды. 80-ге жуық матросты басқалардың көзінше акулалар жейді, бұл сан да бір уақытта акулалардың адамзатқа жасаған ең үлкен шабуылы ретінде тіркелген.

Тек 2 тамызда PV-1 Ventura ұшағы оларды табады. 321 теңізші құтқарылғанымен, олардың 4-уі де көп ұзамай қайтыс болады.

"Ижора" пароходы

Англияда құрастырылған және алғашқы 13 жыл Британ туымен жүзген "Ижора" жүк кемесін КСРО 1934 жылы Балтық теңізі кеме компаниясына сатып алған. Ұлы Отан соғысы кезінде Норвегия теңізіндегі кеме 33 экипаж мүшесімен бірге суға батты. Офицер Николай Адаев ғана аман қалды – ол тұтқынға алынды, кейінірек ол неміс концлагерінде Штуттофта қайтыс болды.

"Паллада" крейсері

"Паллада" броньды крейсері 1906 жылы Санкт-Петербургте жасалған. Ол 8 мың тоннаға жуық жүк көтере алатын, бортында артиллериялық және мина-торпедо қарулары болды. Крейсердің экипажы 773 адамнан тұрды. "Паллада" Балтық флотының құрамында Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты.

Соғыстың ең басында кеме экипажы "Богатырь" крейсерінің экипажымен бірге неміс жеңіл "Магдебург" крейсерінен сигнал кітапшасын тартып алды. Бұл неміс теңіз кодексінің көптеген элементтерін ашуға мүмкіндік берді. Алайда, 1914 жылдың қазан айында "Палладаға" неміс сүңгуір қайығы шабуыл жасап, ол бүкіл экипажбен бірге суға батып кетті.

Т. Раушанұлы