Жапония халқының ұзақ өмір сүру құпиясы

Жапония халқының ұзақ өмір сүру құпиясы
Фото: wallhere.com

Жапония басқа елдер арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша бірінші орында. Бұл ел ғасыр жасаған тұрғындарымен танымал. Сонымен қатар жапондықтар құрметті жасқа жетіп қана қоймайды, жарқын және бақытты өмір сүру үшін төмендегі 5 қарапайым ережені ұстанады.

Жапондықтар аз мөлшерде тамақтанады
Жапония тұрғындары тағам үлесі неғұрлым аз болса, соғұрлым баяу желінеді деп есептейді. Сонымен қатар әр тамақты бөлек табақшаларға салады. Бұл астың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етпек. Және де адам тағамның шамамен 80 пайызын жегенін сезген кезде тамақтануды аяқтау керек деп санайды. Бұл салмақты дұрыс ұстауға көмектеседі.

Бу моншасы мен саунаны біріктіреді
Жапонияда танымал бу моншасы гигиеналық тұрғыдан ғана емес, демалуға мүмкіндік ретінде де қажет. Бұл денсаулық үшін өте пайдалы, әсіресе ағзадағы зиянды заттарды тері арқылы шығаруға, қан айналымын жақсартуға, бұлшық еттің құрысуын болдырмайды және иммундық жүйені нығайтады.

Тұз бен майды аз пайдаланады
Жапондықтардың өздері үшін Нагано аймағы үлгі болып табылады. Бұл жер басқа аймақтардың ішіндегі халқы ең сау аумақ болып саналады. Қарт адамдар өте көп, орташа өмір сүру ұзақтығы 80-87 жас аралығында. Негізі бұрын Нагано тұрғындары тұзды өте көп тұтынатын - күніне шамамен 15 грамм. Бұл әдет олардың денсаулығына зиянын тигізген. Олар мамандардың ұсыныстарын тыңдап, жағдай біртіндеп жақсара түскен. Қазір Наганода тұратындар күніне 0,9 грамнан аспайтын тұзды және бір шай қасық өсімдік майын тұтынады.

Тофуды жиі пайдаланады
Тофу - дәстүрлі жапон диетасының маңызды бөлігі. Бірегей соя ірімшігі жоғары қанықтыру ғана емес және вегетариандықтар үшін жануар ақуызына балама болып табылады. Ол пайдалы май қышқылдарына және маңызды витаминдер мен минералдарға бай. Тофуды үнемі тұтыну қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға көмектеседі, сонымен қатар салмақ жоғалтуға ықпал етеді.

Олар физикалық белсенділікті жақсы көреді
Жапония тұрғындары кез келген жаста жоғары физикалық белсенділікті сақтауға тырысады. Олар көп жүреді, ұзақ серуендер Жапония халқы үшін спорт қана емес, сонымен қатар күнделікті қалыпты жағдай.

дереккөз: 24.kz

Т. Есқали