Әлемдегі ең қауіпті әуежайлар

Әлемдегі ең қауіпті әуежайлар

Ұзақ қашықтыққа cаяхаттауға әуе көлігі – межелі жерге жетудің ең жылдам және ыңғайлы жолы. Ұшақ әлемдегі ең қауіпсіз транспорт көлігі болса да, кейде олар да апатқа ұшырап жатады. Солардың кейбірі әуежайдаға ұшу-қону жолының қиындығынан туындайды.

Әлемдегі қауіпті әуе жолақтары көп. Тіпті оның кейбіреуіне тек сегіз ұшқыш қана қонып-ұшуға рұхсат берліген. Мұндай әуежайлар әдетте тау арасында орналасқан.  Бұл әуежайлардағы бір мәсел – ұшу-қону жолақтары әрдайым қауіпсіз және тегіс бола бермейді. Бұл ұшқыштардан шеберлікті талап етеді. Бүгін біз осы көрсеткіштер бойынша ең қауіпті әуежайлармен танысамыз.

Лукла әуежайы – Непал

Бұл әуежай Эверестке келушілер үшін негізгі әуежай қызметін атқарады. Қонуды қиындататын мәселе – әуежай таулардың арасында орналасқан және ұшу-қону жолағы өте қысқа.

Куршевель халықаралық әуежайы – Франция

Бұл әуежай әлемдегі ең қысқа ұшу-қону жолымен танымал.  Ұшу-қону жолының ұзындығы бар болғаны – 525 метр. Сондай-ақ, ҰҚЖ 18,5 пайызға төмен еңісте, бұл ұшуды қиындатады. Тікелей Альпіде салынған дәлізден төмен түсуге дайындалу үшін ұшқыштар тар алқап арқылы тікелей ұшуы керек. Егер ұшақтар осы ұшу-қону жолында жеткілікті жылдамдыққа жете алмаса, экипаж мүшелері тәуекел етіп, жартастың басынан төмен құлдилап кетеді.

Королева Джулианна халықаралық әуежайы - Сент-Мартин

Ұшу алаңының алдында қоғамдық жағажай бар. Ірі ұшақтардың сәтті қонуы үшін 2500 метрден астам қашықтық қажет екенін ескерсек, мұндағы ұшу-қону жолы небәрі 2179 метрді құрайды. Әуежай бастапқыда шағын ұшақтарға арналған, бірақ жылдам дамып келе жатқан туризм индустриясы Airbus және Boeing A340 және 747 ұшақтарын қонуға мәжбүр етіп отыр.

Паро әуежайы - Бутан, Гималай

550 метрлік шыңдармен қоршалған, ұзындығы небәрі 1981 метр болатын бұл ұшу-қону жолы тек сегіз ұшқыштың қонуына рұхсат берілген. Барлығы Парониді әлемдегі ең қауіпті әуежай деп санайды.

McMurdo әуе станциясы – Антарктидада орналасқан

Әуежай инфрақұрылымы дерлік болмағандықтан Антарктидаға барлығы бара бермейді. Бұл ұшу-қону жолы соншалықты қысқа емес, бірақ ол мұздан жасалған, яғни қону мінсіз болса да, ұшақ жылдамдығына байланысты тайып кетуі мүмкін. Мұнда температура жыл бойы орташа нөлден төмен, ал жылдың көп айлары қараңғы, сондықтан ұшқыштарды түнгі көру көзілдірігі арқылы қонуға үйретеді.

Нарсарсуак әуежайы - Гренландия

Бұл әуежай да үнемі мұз басып қалады. Ұшу жолағы 1800 метр биіктікте және тайғақ мұз арқылы өтеді, бұл кез келген ұшқыш үшін қиын. Ауа-райы әрқашан дауылды болғандықтан, қатты турбуленттілік пен жол көрінбейді. Бұл әуежай қызметкерлеріне де, экипажға да, жолаушыларға да қиындық туындатады. Желді күн, мұзды ұшып-қону жолы ұшақтың жолдан ауытқуына әкелуі мүмкін. Маңайдағы белсенді жанартаудан шыққан күл ұшақтың қозғалтқышына кептеліп қалады.

Т. Раушанұлы