Майкл Джексон өмірден озған байлар рейтингінде көшбасшылықтан айырылды

Майкл Джексон өмірден озған байлар рейтингінде көшбасшылықтан айырылды
Фото: Chris Buzelli / Forbes

Forbes 2021 жылы ең көп ақша тапқан марқұмдар тізімін жариялады. Американың поп-королі Майкл Джексон қайтыс болса да, табыс тауып жатқан атақтылар рейтингінде көшбасшылықтан айырылды. Ол 2013 жылдан бері Forbes құрған осы рейтингте бірінші орында келе жатыр еді.

Рейтингке мұрасы 1 триллион долларға жуық табыс әкелген 13 адам енді.

Тізімнің басында "Чарли және шоколад фабрикасы" және "Матильда" кітаптарының авторы британиялық жазушы Руал Даһл (1916-1990) тұр. 2021 жылдың қыркүйегінде оның мұрагерлері Roald Dahl Story компаниясын Netflix ағынды қызметіне сатты. 2022 жылдың желтоқсан айында автордың шығармалары бойынша түсірілген "Матильда", 2023 жылы "Чарли және шоколад фабрикасы" фильмдерінің жаңа нұсқалары жарыққа шығады.

Екінші орын америкалық әнші Принске (1958-2016) бұйырды. Оның үш мұрагері әншінің әндерін жалпы сомасы 108 миллион долларға сатқан.



Үшінші орын Майкл Джексонға бұйырды. Ол негізін қалаған Mijac Music лейбл 75 миллион доллар табыс әкелді.

Сондай-ақ топ ондыққа суретші Чарльз Монро Шульц (1922-2000), балалар жазушысы және аниматор Теодор Суэц Гейзель, әнші және актер Бинг Кросби мен Элвис Пресли, гольф ойыншысы Арнольд Палмер, әнші-ақын Джерри Гоффин, әнші Лютер Вандросс, әнші Боб Марли, рэпер Juice WRLD және Джон Леннон енген.

Т. Раушанұлы