АҚШ-та коронавирустың пайда болуына қатысты жаңа болжам айтылды

АҚШ-та коронавирустың пайда болуына қатысты жаңа болжам айтылды

2012 жылы қытайлық кеншінің денесінде пайда болуы мүмкін, вирустың үлгілері Ухандағы зертханаға жіберіліп, ол сол жақтан тарап кетуі ықтимал, - деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалық Bioscience Resource Project ұйымының атқарушы директоры Джонатан Латэмнің айтуынша, вирус ұзақ уақыт бойы бір адамның денесінде болған кезде эволюцияланып, бірнеше мутацияға ұшырауы мүмкін.

"Бір кеншіде вирус жүздеген мутацияға ұшырап, ол Sars-Cov-2 пайда болуына әкелген. Онжылдықтар шамамен алты айға сыйып кеткен. Біздің теориямыз бойынша, осыған ұқсас эволюция 2012 жылы жұмбақ аурудан кейін кеншілердің өкпесінде де болған. Сол кезде кеншілерден алынған медициналық сынамадан вирус тарап кетуі мүмкін", - деді Латэм.

 
Telegraph мәліметінше, 2012 жылы Қытайдың Юньнань провинциясындағы кенді жарғанат қалдықтарынан тазалау кезінде алты кеншіден "пневмонияға ұқсас ауру" анықталған. Олардың үшеуі қайтыс болып, қалғандары алты айға дейін ауруханада жатқан. Содан бір жыл өткен соң, Ухан қаласының ғалымдары дәл сол жердегі жарғанаттардан RaTG13 коронавирусын тапқан, бұл 96 пайызға COVID-19 тудыратын вирусқа ұқсас.

"Біз коронавирустар кенде әртүрлі және көп болғанын, кейбір кенші ұзақ уақыт ауруханада жатқанын білеміз. Олардың емі алты айға созылды және ол адам ағзасына бейімделген жаңа коронавирустардың эволюциясына әкелді", - деді Латэм.

Кеншілер жұққан вирустың үлгілері Ухандағы зерттеушілерге жіберілген, кейін онда COVID-19 тараған болатын.