Сахара құмының астынан табылған 5 ерекше олжа

Сахара құмының астынан табылған 5 ерекше олжа

Сахара – аумағы бойынша Антарктидадан кейінгі әлемдегі екінші шөл. Зерттеушілер мен археологтар бірнеше жылдан бері зерттеп келе жатыр. Бірақ Сахарадағы кейбір түсініксіз құбылыстар әлі күнге дейін жұмбақ болып қала береді. Массагет порталы Сахара шөлінде табылған 5 тылсым археологиялық олжаны ұсынады.

Сахара көзі

1960 жылдары ғарышкерлер шөлдің бетінде бір-біріне ішінде орналасқан сақиналардан тұратын, жалпы диаметрі 50 шақырым болатын ерекше құрылымды нысанды байқады.

Кейбіреулер бұл құрылым метеориттің құлауы нәтижесінде пайда болды деп санайды, ал басқалары оны вулканмен немесе көшкінмен байланысты деп ойлайды.

Ғалымдар "Көздің" жер эрозиясы нәтижесінде пайда болғанын дәлелдеп шықты. Көздің ортасындағы шөгінді жыныстар кейінгі протерозой дәуірінде, ал шеткі бөліктеріндегі құмдақтар ордовик дәуірінде түзілгені анықталды.

Үш шақырымнан асатын құрылым ғарыштан өте жақсы көрінетіндіктен, орбитадағы ғарышкерлер үшін бағдар ретінде қызмет етіп келеді.

"Сахара Кіндігінің" әлі де ашылмаған құпиялары бар: зерттеуші ғалымдар қаншама жылдардан бері Көздегі түрлі түстің қалай пайда болғанын анықтай алмай отыр.

Құм астындағы қорғандар

Он жыл бұрын бір топ ғалымдар Сахара құмының астынан бір кездері ежелгі Ливия өркениетіне жататын жүзден астам қамал тапты. Ежелгі адамдар бұл қамалды жер асты су қоймаларынан су алу үшін пайдаланған деп есептейді.

Ливия әйнегі

Шөл тәрізді мөлдір тас кесектері шөл далаға шашылған. Кейбір жерлердегі беткейлер толығымен құмнан емес, осы әйнектің ұсақ бөлшектерінен жасалған.

Әзірге Ливия шынысының қалай пайда болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Бұл тас метеориттің жерге немесе найзағайға соқтығысуы нәтижесінде пайда болған деген болжам бар.

Су жолдарының іздері

Зерттеушілер Сахараның бірден шөлге айналмағанын айтады. Құрғаған өзендердің жолы осының дәлелі. Осы "артериялардың" бірі ғарыштан табылды. Фотосуретте Таманрассет өзенінің Атлант мұхитына құятыны көрсетілген.

Болжам бойынша, өзен шамамен бес мың жыл бұрын құрғаған. Егер бұлай болмағанда, ол бүгінде әлемдегі ең көне өзендердің бірі саналар еді.

Ғалымдар Жерорта теңізіндегі кейінгі 160 мың жылды қамтитын шөгінді үлгілерін талдап, осы кезеңде болған климаттың өзгеруін модельдеді. Сарапшылардың айтуынша, шөлдің қатал климаты мен құрғақшылығына қарамастан, 15 мың жылдан кейін Сахара қайтадан жасыл желек жамылған аймаққа айналады.

Сахарадағы мұхит

Сахарадан зерттеушілер сонымен қатар бірнеше ежелгі киттердің, акулалар мен тасбақалардың қалдықтарын тапты. Олардың көбі ғалымдарды шөлдің орнында тұтас мұхит болған деп есептейді.

Т. Раушанұлы