Әлемдегі экологиялық таза қалалар рейтингі жарияланды

Әлемдегі  экологиялық таза қалалар рейтингі жарияланды
Фото: fragxpo

Аустралияның астанасы Канберра әлемдегі экологиялық ең таза қалалар рейтингінде 1-орын иеленді.

Сарапшылар шешімін Канберра қажеттілігі үшін пайдаланатын энергияның 48 пайызын экологиялық таза көздерден алатынына негіздеген.

Атап айтқанда, Аустралия астанасында күн энергиясының үлкен үлесі бар және көптеген жел электр станциялары орнатылған. Сонымен қатар, Канберра ең аз ластанатын қала.

Рейтингтегі екінші орында Испания астанасы – Мадрид. Сарапшылар қаланың энергетика және көлік саласында алдыңғы қатарда екенін мойындайды. 3-орында тағы бір австралиялық қала – Брисбен. Тізімнің алғашқы ондығына Дубай, Копенгаген, Франкфурт, Гамбург, Прага, Абу-Даби және Цюрих енген.

Қаңтардың басында әлемдегі ең ластанған қалалардың рейтингі жарияланған болатын Анти-рейтингте бірінші орында Қырғызстан астанасы – Бішкек тұр.

Т. Раушанұлы