Суэц каналындағы апатқа "Ever Given" кемесінің капитаны кінәлі

Суэц каналындағы апатқа "Ever Given" кемесінің капитаны кінәлі

Наурыздың соңында Суэц каналындағы трафикті алты күнге тоқтатқан Ever Given кемесінің капитаны кінәлі боп шықты. Бұл туралы канал әкімшілігінің басшысы Усама Роби Панаманың Египеттегі елшісі Александро Гантеспен және Панаманың теңіз әкімшілігінің бас директоры Рафаэль Сигаруистамен кездесуінде мәлімдеді.

Панамаға тиесілі кеме 23 наурызда каналда дауыл салдары және капитанның қателігінен көлденіңінен тұрып қалып, әлем экономикасындағы күретамырдың бірі саналатын – Суэц каналы алты күн жабық тұрды. Тек 29 наурызда ғана кеме қайраңнан шығарылды.

Апатқа қатысты тергеудің кейінгі нәтижелері әлі жарияланған жоқ. Кеменің өзін Египет сәуірдің ортасынан бастап канал әкімшілігі өтемақы төлеу үшін ұстап отыр.

"Ever Given" кемесіне қатысты оқиғаны тергеу кемені басқаруда қате болғанын растады. Жауапкершілік каналдың лоцмандарына емес, капитанға жүктеледі, өйткені лоцмандардың пікірін ескеру қажет емес және олар тек кеңес береді", - деді Робби.

Египеттің 1990 жылғы теңізде жүзу туралы заңына сәйкес, кеме капитаны Суэц каналына келтірілген залал үшін жауап береді. Робби канал әкімшілігі бұл оқиғаға жауапты емес деп сендірді. Оның айтуынша, контейнерлік жүк көлігі қолайсыз ауа райында каналда кезде одан бөлек тағы 30-дан аса кеме каналдан сәтті өткен. Бір жыл бұрын ауа райының қолайсыздығында да мұндай апаттар болған емес.

Робби Ever Given компаниясына иелік ететін компания борттағы жүктің құны туралы ақпарат бермегенін айтты. Алайда, ондағы жүктің құны 2 миллиард долларды құрайды деп болжанып отыр. Қажетті өтемақы мөлшері дәл осы сомаға негізделген. Канал басшылығы апаттан кейін кеме иесіне қатысты ешқандай заңды шара қолданған жоқ, содан кейін де шараларды жұмсартып, талап етілген өтемақы мөлшерін 40%-ға, яғни 916 миллион доллардан 550 миллион долларға дейін азайтты.

Робби канал әкімшілігі кеме иесімен әлі де келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Айта кетейік, 23 наурызда Ever Given кемесі Суэц каналынан өтіп бара жатып, дауыл салдарынан һәм капитанның қателігінен жағалауға қарай шығып, каналға көлденеңінен тұрып қалды.

Оны 2018 жылы Жапонияның Imabari Shipbuilding кеме жасау компаниясы құрастырған.  Ұзындығы 400 метр, ені 58,8 метр. Қазіргі уақытта кеме Тайванның Evergreen Marine Corporation компаниясына тиесілі.

Кеме 20100 стандартты теңіз контейнерлерін (ұзындығы 6,1 метр, ені 2,44 метр және биіктігі 2,59 метр) тасымалдауға арналған. Ол 199,5 мың тонна жүк тасымалдай алады. Кеменің крейсерлік жылдамдығы 9,6 узелге тең (сағатына 17,7 шақырым).

Сарапшылардың пікірінше, Суэц каналындағы кептеліс әлем экономикасына күніне 9,5 миллиард доллар шығын келтірген.

Т. Раушанұлы