Криптомиллиардер Үндістанға 1 миллиард доллар аударды

Криптомиллиардер Үндістанға 1 миллиард доллар аударды
Фото: trendingtopics

Ethereum жобасының негізін қалаушылардың бірі, әлемдегі ең жас криптовалюта бойынша миллиардер Виталик Бутерин коронавируспен күресу үшін Үндістанға 1 миллиард доллар аударды.

Forbes мәліметі бойынша ақша Үндістанға криптовалюта түрінде аударылған. Оларды Үндістанның COVID-Crypto Relief және басқа ұйымдары сатып алған.

Бутерин Үндістанға сол кездегі құны 1,2 миллиард доллар тұратын 50 триллион Shiba Inu биткойн аударды. Алайда аударғаннан кейін Shiba Inu таңбалауыштарының айырбас бағамы 30%-дан астам төмендегенін ескеру қажет.

Айта кетейік Үндістан 22 сәуірде күнделікті коронавирус жұқтыру бойынша әлемдік рекорд орнатқан болатын. Дәл сол күні елде коронавируспен ауырған 314,8 мың науқас тіркелген. Содан кейін бұл сан өсіп отырды: 23 сәуірде 332,7 мың, 24 сәуірде 346,7 мың, 25 сәуірде 349,6 мың, 26 сәуірде 352,9 мың, 29 сәуірде 379,2 мың және 30 сәуірде 386,4 мың.

Кейінгі мәліметтерге сәйкес, Үндістанда 154 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.

Ғалымдар көптен бері әлемдік қауымдастықты Үндістанға көбірек көңіл бөлуге шақырады, өйткені онда болып жатқан оқиғалар барлық басқа елдерді алаңдатып отыр.

Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Сингапур және Австралия Үндістанға гуманитарлық көмек жіберді. Оның ішінде респираторлар, IVL аппараттары, концентрацияланған оттегі қорлары және жеке қорғаныс құралдары бар.

Канада Үндістанға 10 миллион доллар көмек көрсетуге уәде берді, ал Сеул Делимен медициналық жабдықтар жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Ұлыбританиядан алғашқы гуманитарлық көмек өткен сейсенбіде Делиге жетті және Лондон мұндай көмекті әрі қарай жеткізуді көздейді.

"Бұрын Үндістан басқаларға көмектесетін, енді оған көмектесетін кез келді. Біз бұл шайқаста жеңіске жетеміз", - деді ханзада Чарльз. Бұл корольдік отбасы өкілінің Үндістандағы дағдарыс туралы алғашқы мәлімдемесі.

Т. Раушанұлы