Жұмбағы көп мистикалық фотосуреттер

Жұмбағы көп мистикалық фотосуреттер

Мистиктер уақыт саяхатшыларының арамызда қаңғып жүргеніне, елестер төсектің астында жасырынып жатқанына, БҰН-ның ғаламшарымызға жиі ұшып келетініне сенеді. Ал кейде жұмбағы көп мынадай суреттерді көргенде мистикалық оқиғаларға шынымен сенгің келеді. Оған біз ұсынып отырған фотосуреттер дәлел.

1. Лаббок шамдары

1951 жылы тамыздан қыркүйекке дейін адамдар Техас пен Нью-Мексико аспанында жанып тұрған шамдарды байқаған. Альбукерктегі ерлі-зайыптылар ұшатын белгісіз нысанды көргенін айтқан. Сол уақытта Лаббок тұрғындары көкшіл-жасыл шамдар тізбегін көріп, радар ұшатын белгісіз нысанды тіркеді. Бұл оқиғаны тергеу АҚШ әскери-әуе күштерінің "Көк кітабы" жобасының жетекшісі Эдвард Руппелтке жүктелді.

Бұл таңданарлық шамдар ненің белгісі болғаны әлі белгісіз. Кейбіреулер мұны жылы жаққа ұшқан құстар жарыққа шағылысқанда көрінген бейне десе, басқалары бұл тұманның жарығы деп санайды, ал оның БҰН (НЛО) екеніне сенетіндер де бар. 2019 жылы тергеу негізінде History телеарнасында "Көк кітап" жобасы шықты.

2. Қара рыцарь

1960 жылы Жер орбитасына жақын маңда белгісіз ұшып жүрген қап-қара нысан анықталған. АҚШ әскерилері оны тыңшы жерсерігі деп санады, бірақ бұл кейін расталмады. Қара рыцарь бірнеше рет көрінген. Ол жиі пайда болып, жоғалып кететін. БҰН жанкүйерлері оны басқа планетаның мыңдаған жыл бұрын құрастырылған жерсерігі деді. Барлық жорамалдың ішінде Қара рыцарь ғарыш қоқысы болуы мүмкін деген болжам шындыққа жанасады.

3. Фредди Джексонның елесі

Фредди Джексон Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде RAF авиакомпаниясының механигі болған. Оның эскадрильясы Фредди 1919 жылы қайғылы жағдайда қайтыс болды. Жоғарыдағы фотосурет түсірілген күні оның жерлеу рәсімі өтті. Суретті мұқият қарағанда әскерилердің бірінің артында Фреддиідің өзі түсіп қалғанын байқай аласыз.

4. Дятлов туристік тобының қайтыс болуы

Дятлов туристік тобының тарихы ХХ ғасырдың ең маңызды құпиясы. 1959 жылы 2 ақпанда түнде Игорь Дятлов бастаған 9 турист тобы жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Шатырлар жыртылып, мәйіттер лагерьден бірнеше шақырым жерден табылған. Қарапайым көшкіннен бастап, арнайы қызметтердің араласуымен аяқталатын оқиғаның бірнеше нұсқасы бар.

Дятлов асуының құпиясы 60 жылдан кейін ашылды

Бірақ арада 60 жыл өткесін, 2019 жылы Ресейдің Свердлов облысында 1959 жылғы қар көшкіні Игорь Дятлов бастаған саяхатшылар тобының өліміне себеп болған деген ресми мәлімдеме шықты. Бұл туралы Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Орал федералды округі бойынша Бас прокуратура департаменті басшысының орынбасары Андрей Курьяков хабарлады.

"Қайтыс болған саяхатшылардың барлық жарақаты қар көшкіні кезінде альпинистер алған тән жарақатына ұқсайды", - дейді Курьяков.

Ол тексеру барысында барлық 9 саяхатшының алған жарақатына салыстырмалы талдау жүргізілгенін айтты. Олардың бірнешеуі: Александр Золотарев, Людмила Дубинина және Николай Тибо-Бринолдан басқалары, аяздан қайтыс болған.

Саяхатты дятловшылар тобы күнделікке жазып, суретке түсіріп отырған. Фотосуреттер арасынандағы мына сурет оқиғаға қатысты мистицизмді одан сайын күшейтті. Қара аспан аясында жарқыраған шарларды көрген адамдар олардың өлімін БҰН-мен байланыстырған.

5. Қарағашқа Белланың мүрдесін кім салған?

Бұл сөз Англияның ең жұмбақ оқиғаларының бірі. 1943 жылы 18 сәуірде төрт жасөспірім Хагли Вудтың орманында серуендеп жүрген. Бұл жер зұлым рухтар мен бақсы-балгерлердің қарғыс атқан жері саналды. Балалар жұмыртқа іздеу үшін үлкен кәрі қарағайдың ішіне кірген, олар жұмыртқа орынан жас келіншектің бас сүйегін тапқан.

Осы оқиғадан біраз уақыт өткен соң, қарағаштың жанындағы қабырғада: "Белланы бақсының қарағашына кім салды?" деген жазу пайда болған. Бұл тергеушілердің түсінігін кеңейтіп, олар Белланы іздей бастаған. Жазба көршілес үйлер мен қоршаулардың қабырғаларында бірнеше жылдар бойы жазылып келді. Белла кім, хабарламаны кім жазды, оны анықтау мүмкін болмаған.

6. Лос-Анджелес шайқасы

1942 жылы 24 ақпанынан 25-не қараған түні Лос-Анджелесте сирена мен түнгі дабыл естіліп, зеңбірекшілер оқ ата бастады. Әскерилер қалаға жау шабуыл жасады деп ойлаған. Бірақ баспасөз конференциясында Әскери-теңіз күштерінің хатшысы Франклин Нокс мұның жалған дабыл екенін айтты.

26 ақпанда Los Angeles Times газеті конспираторлар екіұшты қабылдаған фотосуретті жариялады. Прожектор жарығында олар келімсектердің кемесін көрген. Алайда, корреспонденттер бұл "фотосурет реттеушісінің ойыны" деп мәлімдеді.

Лос-Анджелес үшін шайқас фильмінен үзінді

2011 жылы осы оқиғаға негізделіп голливудта Battle: Los Angeles атты фильм түсірілді.

Т. Раушанұлы