1991 жылы тәуелсіздігін алған елдер

1991 жылы тәуелсіздігін алған елдер
Фото: Alexander Drum

1991 жыл – дүние жүзі тарихында айрықшы айтылатын дата. Дәл осы жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырап, оның құрамында болған елдер өз тәуелсіздігін алды.

КСРО құрамынан бірінші болып Балтық елдері — Эстония (1988 ж.), Литва мен Латвия (1989 ж.) шыққан. 1990 жылы "егемендік шеруі" деп аталатын қозғалыс басталды. Республикалар бірінен соң бірі егемендігін жариялай бастады. Атауын өзгертіп, ұлттық рәміздерін бекітуге бекінді.

Грузия

bramagroup.com.ua

Грузия 1936 — 91 ж. КСРО құрамындағы одақтас республика болды. 1991 ж. 9 сәуір күні өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша республика Жоғары Кеңесі елдің 1918 жылғы тәуелсіздігін және 1921 жылғы конституцияны қалпына келтіру туралы акт қабылдады. Алғашқы президент сайлауы өтіп, нәтижесінде елдің бірінші президенті Звиад Гамсахурдия билікке келді. Содан бері, 26 мамырда Грузия Тәуелсіздік күнін тағы да тойлай бастады.

Ел ішіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты құрылған Әскери Кеңес президентті елден кетіріп, парламентті таратып жіберді де, бар билікті өз қолдарына алды. 1992 ж. наурыз айында Әскери Кеңес те таратылып, орнына Эдуард Шеварднадзе бастаған Мемл. Кеңес құрылды. Сол жылы 11 қазанда жаңа парламент және оның төрағасы сайланды. 1995 ж. жаңа конституция қабылданып, соның негізінде өткен президент сайлауында (5.11. 1995) Э.Шеварднадзе жеңіске жетті. Ішкі саяси жанжалдарды, Абхаз республикасымен арадағы қарым-қатынастарды бейбіт жолмен реттеп, ел экономикасын реформалау ісіндегі қызметін бағалаған халық оны 2000 ж. жаңа мерзімге президент етіп сайлады.

Әзербайжан

pro-agent.kz

Кеңес Одағының 1990 жылы 20 қаңтар күні Баку және басқа қалаларда жасаған қырғыны Әзербайжан халқының Кеңес Одағына деген сенімін жойып,  елдің тәуелсіздігіне апаратын үрдісті жылдамдатты.

Сол кездегі парламент қызметін атқарған Әзербайжан Жоғары кеңесі 1991 жылдың 30 тамыз күні тәуелсіздік жариялау үшін шешім қабылдады. Қыркүйек айында Кеңес Одағынан бөлініп,  тәуелсіздік жариялау үшін отырыстар өткізілді.  Жоғары кеңесте 18 қазан күні "Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде" Конституциялық шарт қабылданды.

Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-сінде орнатылды.

Украина

news.24tv.ua

1922 жылдан 1991 жылға дейін Кеңес Одағының кұрамында болған Украина 1991 жылдың 24 тамызында тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн Украинаның ұлттық мерекесі — тәуелсіздік күні. Украина мемлекеттік құрылысы жөнінен республика деп жарияланды.

Молдова

travel.md

Молдова – Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. 1991 жылдың 27 тамызында КСРО-дан өз тәуелсіздігін алды. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігі Украинамен, батысы Румыниямен шектеседі. Астанасы – Кишинев қаласы. Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 31 шілдеде орнатылды.

Қырғызстан

limon.kg

1991 ж. 31 тамызда елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. 1993 ж. 5 мамырда Жоғарғы Кеңестің сессиясы Қырғызстан Республикасы атауын Қырғыз Республикасы деп өзгертті. Бүгінде Қырғызстан Республикасы әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады.

Қырғыздар 1992 жылдан бастап БҰҰ-на мүше.

Өзбекстан

podrobno.uz

1990 жыл 20 маусым күні Өзбекстан КСР Жоғарғы Кеңесінің II сессиясындa Өзбекстан КСРнің Тәуелсіздік Декларациясы қабылданды.

Өзбекстан Республикасы Жоғары Кеңесі 1991 жыл 26 тамыз күнi Өзбекстанның мемлекет тәуелсіздігі туралы заң жобасын даярлау және 31 тамыздa Жоғары Кеңес сессиясын шақыруғa қаулы етті.

Өзбекстан Жоғары Кеңесінің кезектен тыс VI сессиясы 1991 жыл 31 тамыздa өз жұмысын бастады. Ондa "Өзбекстан Республикасының Мемлекет тәуелсіздігі туралы" мәселе күн тәртібіне қойылып, қызу талқыланды. Сессиядa Өзбекстанның Тұңғыш Президентi Ислам Каримов сөз сөйлеп, бұрынғы Одақтa соңғы кездерде жүзеге келген әлеуметтіксаяси оқиғалардың салдарларын талдап, олар Өзбекстан тағдырынa тікелей тиісті екендігін негіздеп берді. Жағдайдан туындаған күйде, Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тәуел сіздігін жариялады және оны "Тәуелсіздік негіздері туралы" Конституциялық заңмен нығайтуды ұсынды. Жоғары Кеңес депутаттары баппен-бaп талқылаудан соң, "Өзбекстан Республикасының Мемлекет тәуелсіздігі негіздерi туралы" заңды қабылдады. Содан соң "Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Жоғары Кеңес Мәлімдемесі" қабылданды.

1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Өзбекстанның Тәуелсіздік күні" деп белгіленіп, бұл күн мереке және демалыс күні деп жарияланды.

Тәжікстан

Валерия Щеколдин

1991 жылы Тәжікстан президенті К.Махкамов тамыз бүлігіне қолдау танытты. Бұл өз кезегінде халық наразылығын туғызды. Осы жылы қыркүйекте Тәжік КСР-і Жоғарғы Кеңесі Тәжікстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жайлы декларация қабылдады. 9 қыркүйек – тәуелсіздік күні.

1991 жылы 24 қарашада Тәжікстанда президент сайлауы өтіп, онда Р.Нәбиев жеңіске жетті. 1992 тамызда президент Нәбиевтің жақтастары мен оппозиция күштер арасында қақтығыс болды. Оппозиция күштерді Тәжікстанның исламдық қайта өрлеу партиясыТәжікстанның демократия партиясы және “Растохез” (Қайта өрлеу) қозғалысы құрады. Екі жақтың қақтығысы азамат соғысына ұласып, ол бес жылға созылды. 

Азамат соғысы барысында 100 мыңға жуық адам қаза тауып, 900 мыңнан астам адам босқыншылыққа ұшырады. 1994 жылғы президенттік сайлау өткізіліп, онда Э.Рахмонов жеңіске жетті.

Қазақстан мен Тәжікстан арасында 1993 жылы 19 қазанда өзара қарым-қатынас туралы келісімшартқа қол қойылды. Тәжікстан президенті Э. Рахмонов алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен 1995 жылы 22 қарашада келді. Тәжікстанда Қазақстанның елшілігі бар.

Армения

regnum.ru

Республика өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 23 қыркүйегінде жариялады. солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзербайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. 

Түрікменстан

wikipedia.org

1991 жылдың 27 қазанындағы Түрікмен Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Конституциялық заңы қабылданған соң, Түрікменстан тәуелсіз демократиялық мемлекеті болып жарияланды. Сол уақыттан бері Тәуелсіздік күні қазан айының 27 және 28 күндерінде аталып өтетін. 2018 жылдан бастап Түрікменстан Тәуелсіздік күнін 27 қыркүйекке ауыстырды.

Түрікменстан — көпұлтты мемлекет. Оның аумағында қырықтан астам ұлт өкілдері тұрады.

Қазақстан

elbasy.kz

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады.

Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Хорватия

steamcommunity.com

1991 жылдың 19 мамырында тәуелсіздік туралы референдум болып, онда қатысушылардың 93 пайызы елдің Югославиядан тәуелсіздік алуын қолдап дауыс берді. 1991 жылдың 25 маусымында Хорватия өз тәуелсіздігін жариялады.

Кейіннен сербтер көп тұратын Краина ауданы өзінің республика құрамынан шығатынын мәлімдеді. Бұған Хорватия үкіметінің қарсылық білдіруі сербтермен қарулы қақтығыстарға әкеліп соқты. Сыртқы күштердің араласуымен 1992 ж. БҰҰ ұсынған бейбітшілікті реттеу жоспары қабылданды. Елге БҰҰ әскері орналастырылды. 1993 ж. Сербия мен Хорватияның арасындағы қарым-қатынас қайтадан шиеленісті. 1994 ж. бір жағынан Босния мен Герцеговина, екінші жақтан Хорватия босния мұсылмандары мен хорваттардың федеративтік мемлекетін құру жөнінде шартқа қол қойды.

1995 ж. Словения мен Краинаны хорват әскерлері басып алғаннан кейін ол арадан сербтер жаппай көше бастады. Осыдан кейін хорват үкіметі мен серб басшылары — Шығыс Словенияны Хорватияның қарамағына беру жөнінде өзара келісімге келді. 1996 ж. Сербия мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар қалпына келтірілді.

Словения

wikipedia.org

1991 жылдың 25 маусымында Словения елі де тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылы Еуропалық қауымдастық бұл елдің тәуелсіздігін мойындады.

2004 жылы Словения ЕО мен НАТО-ның толық құқылы мүшесі болды. Словения әрқашан Югославияның ең бай және табысты республикаларының бірі болды, сондықтан коммунистік жүйеден еркін нарыққа көшу процесі тез өтті.

2007 жылы 1 қаңтарда Словения ЕО-ның жаңа мүшелерінің ішінде жаңа валюта еуроны қабылдаған алғашқы ел болды.

2008 жылы Словения бұрынғы коммунистік елдердің алғашқыларының бірі болып, Еуропалық Одақтың төрағалығына ие болды.

Н. Үсенова