Эмигранттарға қолайлы қалалар рейтингі жарияланды

InterNations жариялаған Expat Insider 2020 есебі бойынша иммигранттардың өмір сүруіне қолайлы қалалар тізімі белгілі болды. Тізімде Валенсия, Аликанте және Лиссабон көш бастаған.

Зерттеу авторлары 173 ұлт пен 181 елдегі 15000-нан астам адамға сауалнама жүргізген. Респонденттер 66 қаланы өмір сапасы, қаржы және тұрғын үй, қаладағы өмір мен еңбек жағдайлары сияқты көрсеткіштер бойынша бағалаған.

Испанияның Валенсия қаласы өмір сапасы бойынша ең жақсы қала деп танылған. Сауалнамаға қатысқандардың 90 пайызы қаладағы өмір деңгейіне оң баға берген.

Сауалнамаға сәйкес, бес иммигранттың төртеуі Аликантеде өздерін үйіндегідей сезінетінін айтқан. Ал Лиссабон туралы ешкімде теріс пікір болмаған.

Панама-Сити, Сингапур, Малага, Буэнос-Айрес, Куала-Лумпур, Мадрид және Абу-Даби де сауалнама кезінде оң баға алған.

Ал соңғы орындарға (57-66 орындар) Гонконг, Дублин, Сантьяго, Йоханнесбург, Париж, Найроби, Милан, Сеул және Рим  қалалары жайғасқан.