Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал

Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Фото: pinterest.com

Әлемдегі ең кішкентай әрі ең әдемі аралдардың тізімін ұсынамыз.

1. Блед аралы, Словения

Словенияның таңғажайып жерлерінің бірі – Джулиан Альпісі,  орманмен қоршалған Блед көлі. Бұл көлдің ауасы таза, суы мөлдір, табиғаты керемет. Бірақ басты ерекшелігі – көл ортасында орналасқан Блед аралы. Аралда бірнеше ғимарат бар, олардың ішіндегі Мария шіркеуі – 17 ғасырдың соңында салынған, ортағасырлық барокко әшекейлерімен безендірілген. Оған 99 баспалдақ арқылы шығасыз. Аңыз бойынша қалыңдығын қолынан ұстап, шіркеуге осы баспалдақтармен шыққан күйеу жігіт жұбайымен ұзақ әрі бақытты ғұмыр кешеді деген сенім бар. 

2. Вильгельмштайн,  Ганновер, Германия

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жасанды аралдардың құрылысы кең қолданылады. Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония және басқа да бірқатар мемлекеттер теңіз кеңістігін белсенді зерттеп жатыр. 

Сондай аралдарддың бірі –  Вильгельмштайн аралы, Германияның солтүстік-батысында Штейнхудер көлінде орналасқан. Герцог Вильгельм Шомбург-Липпе (1724-1777) бұл аралда уезді қорғау үшін бекініс салған. Бекіністе Вильгельм әскери колледждің негізін қалаған. Арал 1787 жылы Гессен-Кассель герцогының қоршауында қалып, шабуылды сәтті ұстап тұрған кезде бір рет қана пайдалы болған. Қазір Вильгельмштайн – мұражай. Туристер арасында танымал  орын саналады.

3. Висовац,  Хорватия

Висовац (Visovac) – Хорватиядағы кішкентай арал, Крка ұлттық паркінде орналасқан.

Арал алғаш рет 1345 жылы Анжу королі Людовиктің тұсында аталған.  Одан кейін Рог қаласы мен Висовац аралы князь Будислав Угриничтің қолына өтті. Көп ұзамай Хорватия дворяндарының қорғауымен Августин монахтары аралға көшіп келіп, Әулие Павелдің құрметіне шағын шіркеу мен монастырь салдырды. 1440 жылы Османлы шабуылынан қашқан босниялық францискалықтар аралды паналап келіп, тұрақтап қалды.

Визовац аралы XVII ғасырдағы Францискан монастырымен әйгілі. Кешеннің ең ежелгі ғимараттары XIV  ғасырда салынған. Монастырьда қолжазбалар, көркем шығармалар және құнды кітаптар қоры бар.

4. Понтикониси аралы, Греция

Понтикониси – Корфу аралына жақын орналасқан грек аралы. Оның ерекшелігі – ХІ немесе ХІІ ғасырларға жататын византиялық Пантократор шіркеуі. Арал теңізден небәрі 2 метр биікте орналасқан. Табиғаты бай. Мұнда  экзотикалық түрлі өсімдік өседі.

5. Гальве аралы, Литва

Гальве – Литваның оңтүстік-шығысындағы көл. Көл аумағы – 3,6 км², ұзындығы – 3,2 шақырым, ені – 1,75 шақырым, су жиналатын ауданы – 74 км². Ең үлкен тереңдіктер көлдің шығысында орналасқан, орташа тереңдігі – 13,6 метр.

Революцияға дейінгі орыс мәтіндерінде көл "Троцкий" деп аталған. Дәстүр бойынша поляк тілінде "Троцкий көлі" (Jezioro Trockie) атауы басым. Көлде балықтың ерекше түрі өте көп. Аралда Тракай қамалы орналасқан. Ол ортағасырда салынып, осы күнге жеткен ең ірі қамалдардың бірі саналады.

Т. Раушанұлы