Су астындағы Пассаж дю Гуа жолы туралы білесіз бе?

Су астындағы Пассаж дю Гуа жолы туралы білесіз бе?
Фото: teletype.in

Пассаж дю Гуа (Passage du Gois) – Францияны құрлық бөлігін Нуармут аралымен байланыстыратын Борнмут шығанағы астындағы жол. Су тартылған кезде жол тәулігіне екі рет бірнеше сағат бойы қозғалысқа ашық болады. Қалған уақытта су 4 метрге көтеріліп, жол толығымен су астында қалады.

Материк пен арал арасындағы табиғи өткел алғаш рет карталарда 1701 жылы көрсетілген. 1840 жылы жүк вагондары мен ат арбалар өте алатындай етіп жол салынған.

Жолдың ұзындығы – 4,5 шақырым. Арал мен құрлық соншалық алыс болмаса да, бұл жолмен жүру аса қауіпті.

Жолдың екі жағында судың көтерілуіне қатысты үлкен белгілер болғанымен, жыл сайын судың жылдам ағуына байланысты көптеген апатты оқиға болады.

Мұндай сәттердің алдын алу үшін арнайы құтқару мұнаралары салынған. Адамдар аралға жете алмай қалғанда осы мұнараларға шығып, судың тартылуын күтеді, өкінішке қарай көлікті құтқару мүмкін емес.

1993 және 1999 жылдары мұнда "Тур де Франстың" екінші кезеңі өтті. Ал, 2011 жылы Passage du Gois осы велошерудің алғашқы кезеңі болды.

1987 жылдың 20 маусымынан бастап жыл сайын мұнда спортшылардың жарысы өткізіліп келеді. Солардың ішінде ең көп өткізілетін жарыс – марафон. Қатысушылардың міндеті – аяғына су тигізбей мәреге жету.

Мұнда көптеген турист, жергілікті тұрғындар су тартылғаннан кейін жолға шығып қалған теңіз жәндіктерін жинауды әдетке айналдырған.

Т. Раушанұлы